Loading [MathJax]/jax/output/SVG/jax.js

Азия-тынық мұхит математикалық олимпиадасы, 2004 жыл


Ешбір үшеуі бір түзүдің бойында жатпайтын 2004 нүктеден тұратын S жиынын алайық. Енді L арқылы осы нүктелердің әрбір пары анықтайтын барлық түзулер жиынын белгілейік. S жиынының нүктелерін мына шартты қанағаттандыратындай етіп бір немесе екі түске бояуға болатынын дәлелде: S-тан алынған кез келген p және q нүктелері үшін p мен q-ды айыратын L-дағы түзулердің саны p мен q-дың түсі бірдей болғанда ғана тақ болады.
Ескерту: Біз, егер p мен q нүктелері l түзуі жасаған жартыжазықтықтардың әртүрлісінде жатса және олар l-да жатпаса, онда l түзуі p мен q-ды айырады дейміз.
посмотреть в олимпиаде

Комментарий/решение: