Районная олимпиада 2019-2020 информатика


Есеп А. Теңбүйірлі үшбұрыштар

Уақытка қойылған шектеу:
1 second
Жадқа қойылған шектеу:
256 megabytes

Теңбүйірлі үшбұрыш — бұл ұзындықтары бойынша екі қабырғасы тең үшбұрыш. Қабырғаларының ұзындықтары $1$-ден $N$-ға дейін бүтін сан болатын, теңбүйірлі үшбұрыштардың сандарың табыңыз. Еске салайық, үшбұрыштың әр қабырғасы оның басқа екі қабырғасының қосындысынан кіші болуы керек.
Формат входного файла
Бірінші жолда бір бүтін сан берілген $N$.
Формат выходного файла
Есептің жауабын шығарыңыз.
Система оценки
Бұл есеп 10 тесттен тұрады, әр тест 10 ұпайға бағаланады:
  1. 1-2 тест үшін $1 <= N <= 100$ орындалады.
  2. 3-5 тест үшін $1 <= N <= 5000$ орындалады.
  3. 6-10 тест үшін $1 <= N <= 10^6$ орындалады.
Пример:
Вход
4
Ответ
12
Замечание
Мысалдағы теңбүйірлі үшбұрыштар:
1 1 1
2 2 1
2 2 2
2 2 3
3 3 1
3 3 2
3 3 3
3 3 4
4 4 1
4 4 2
4 4 3
4 4 4

комментарий/решение(13) шыгару

Задача B. Жұп сандар

Ограничение по времени:
1 second
Ограничение по памяти:
256 megabytes

Сізге $L$ және $R$ сандары беріледі. $L$-дан $R$-ға дейін барлық цифралары ондық санау жүйесінде жұп болатын сандардың санын табу керек. Есептің жауабын табыңыз.
Формат входного файла
Бірінші жолда екі натурал $L$ және $R$ $(1 <= L <= R <= 10^{10})$ сандары берілген.
Формат выходного файла
Бірінші жолда есептің жауабын — бір бүтін санды шығарыңыз.
Система оценки
Бұл есеп $10$ тесттан тұрады. Әр тест $10$ баллға бағаланады:
  1. $1 <= L <= R <= 10^2$. 1-2 нөмердегі тесттер.
  2. $1 <= L <= R <= 10^6$. 3-4 нөмердегі тесттер.
  3. $1 <= L <= R <= 10^{10}$. 5-10 нөмердегі тесттер
Пример:
Вход
3 10
Ответ
3

комментарий/решение(7) шыгару

Задача C. Мейрамхана

Ограничение по времени:
1 second
Ограничение по памяти:
256 megabytes

Мейрамханада $n$ даяршы бар. Олар $1$-ден $n$-ға дейін нөмірленген. Үстелде $m$ стақан тұр. Олар $1$-ден $m$-ге дейін нөмірленген. Бастапқыда барлық стақан бос. Әр даяршы бірнеше стақанға сусын құюы керек. $i$-ші даяршы $l_i$-ден $r_i$-ге дейінгі стақандарға $x_i$ миллилитр сусын құюы керек. Бір даяршы ұйықтап қалып, стақандарға сусын құюды ұмытып кетті. Одан басқа барлық даяршылар тапсырмаларын орындады. Сізге әр стақандағы сусын мөлшері берілген. Сізге ұйықтап қалу мүмкін даяршылардың тізімін табу керек.
Формат входного файла
Бірінші жолда $n$ және $m$ $(1 <= n, m <= 10^5)$ — даяршылар саны және стақандар саны берілген. Келесі $n$ жолдарда $l_i$, $r_i$ және $x_i$ $(1 <= l_i <= r_i <= m$, $1 <= x_i <= 10^3)$ үш сандар берілген. Келесі жолда $m$ бүтін сандар берілген, $a_1$, $a_2$, $\dots$, $a_m$, мұнда $a_i$ $i$-ші стақандағы сусынның миллилитр санын көрсетеді.
Формат выходного файла
Ұйықтап қалу мүмкін даяршылардың нөмірлерін өсу ретінде шығарыңыз.
Система оценки
Бұл есеп $10$ тесттан тұрады. Әр тест $10$ баллға бағаланады:
  1. $1 <= n, m <= 100$. 1-2 нөмердегі тесттер.
  2. $1 <= n, m <= 3000$. 3-5 нөмердегі тесттер.
  3. $1 <= n, m <= 10^5$. 6-10 нөмердегі тесттер
Пример:
Вход
5 4
1 3 2
2 4 3
1 3 2
3 4 1
3 3 1
2 5 7 4
Ответ
1 3

комментарий/решение(7) шыгару

Задача D. Бөлгіштер

Ограничение по времени:
1 second
Ограничение по памяти:
256 megabytes

Сізге $n$ бүтін саны берілген. $1$-ден $n$-ге дейін бөлгіштердің саны жұп болатын сандардың санын табыңыз.
Формат входного файла
Бірінші жолда бүтін $n$ $(1 <= n <= 10^9)$ саны берілген.
Формат выходного файла
Есептің жауабын шығарыңыз.
Система оценки
Бұл есеп $10$ тесттан тұрады. Әр тест $10$ баллға бағаланады:
  1. $1 <= n <= 1000$. 1-6 нөмердегі тесттер.
  2. $1 <= n <= 10^5$. 7-8 нөмердегі тесттер.
  3. $1 <= n <= 10^9$. 9-10 нөмердегі тесттер
Пример:
Вход
10
Ответ
7
Замечание
Мысалды:
  1. $1$ санының бөлгіштері: $1$. Бөлгіштерінің саны $1$ - тақ.
  2. $2$ санының бөлгіштері: $1, 2$. Бөлгіштерінің саны $2$ - жұп.
  3. $3$ санының бөлгіштері: $1, 3$. Бөлгіштерінің саны $2$ - жұп.
  4. $4$ санының бөлгіштері: $1, 2, 4$. Бөлгіштерінің саны $3$ - тақ.
  5. $5$ санының бөлгіштері: $1, 5$. Бөлгіштерінің саны $2$ - жұп.
  6. $6$ санының бөлгіштері: $1, 2, 3, 6$. Бөлгіштерінің саны $4$ - жұп.
  7. $7$ санының бөлгіштері: $1, 7$. Бөлгіштерінің саны $2$ - жұп.
  8. $8$ санының бөлгіштері: $1, 2, 4, 8$. Бөлгіштерінің саны $4$ - жұп.
  9. $9$ санының бөлгіштері: $1, 3, 9$. Бөлгіштерінің саны $3$ - тақ.
  10. $10$ санының бөлгіштері: $1, 2, 5, 10$. Бөлгіштерінің саны $4$ - жұп.

комментарий/решение(11) шыгару

Задача E. Екінші максимум

Ограничение по времени:
1 second
Ограничение по памяти:
256 megabytes

Сізге $a_1$, $a_2$,..., $a_n$ $n$ саны беріледі. $2$-ден $n$-ге дейін әрбір $k$ үшін $a$ массивінің алғашқы $k$ санының ішіндегі екінші максимумды табыңыз.
Формат входного файла
Бірінші жолда $n$ $(1 <= n <= 10^5)$ саны берілген. Екінші жолда $a_1$, $a_2$,..., $a_n$ $n$ бүтін саны берілген $(1 <= a_i <= 10^9)$.
Формат выходного файла
$2$-ден $n$-ге дейін әрбір $k$ үшін есептің жауабын шығарыңыз.
Система оценки
Бұл есеп $10$ тесттан тұрады. Әр тест $10$ баллға бағаланады:
  1. $1 <= n <= 100$. 1-3 нөмердегі тесттер.
  2. $1 <= n <= 5000$. 4-6 нөмердегі тесттер.
  3. $1 <= n <= 10^5$. 7-10 нөмердегі тесттер
Пример:
Вход
7
1 2 3 3 7 5 6
Ответ
1 2 3 3 5 6
Замечание
Мысалда:
  1. $k=2$. Алғашқы $k$ сан $\underline{1}, 2$. Жауабы - $1$
  2. $k=3$. Алғашқы $k$ сан $1, \underline{2}, 3$. Жауабы - $2$
  3. $k=4$. Алғашқы $k$ сан $1, 2, \underline{3}, 3$. Жауабы - $3$
  4. $k=5$. Алғашқы $k$ сан $1, 2, \underline{3}, 3, 7$. Жауабы - $3$
  5. $k=6$. Алғашқы $k$ сан $1, 2, 3, 3, 7, \underline{5}$. Жауабы - $5$
  6. $k=7$. Алғашқы $k$ сан $1, 2, 3, 3, 7, 5, \underline{6}$. Жауабы - $6$

комментарий/решение(11) шыгару

Задача F. Үштіктер

Ограничение по времени:
1 second
Ограничение по памяти:
256 megabytes

Сізге ұзындығы $n$ болатын, бүтін сандардан тұратын $a$ массиві берілген. Массивтегі барлық сандар әртүрлі. Сізге $i \ne j$, $i \ne k$, $j \ne k$ және $a_i*a_j=a_k^2$ орындалатын $i$, $j$, $k$ үштіктер санын табу керек.
Формат входного файла
Бірінші жолда $n$ $(3 <= n <= 10^5)$ бүтін саны берілген. Келесі жолда $a_1$, $a_2$, $\dots$, $a_n$ $(1 <= a_i <= 3 * 10^5)$ болатын $a$ массиві берілген.
Формат выходного файла
Есептің жауабын шығарыңыз.
Система оценки
Бұл есеп $10$ тесттан тұрады. Әр тест $10$ баллға бағаланады:
  1. $n <= 100$, $1 <= a_i <= 500$. 1-3 нөмердегі тесттер.
  2. $n <= 5000$, $1 <= a_i <= 10000$. 4-6 нөмердегі тесттер.
  3. $n <= 10^5$, $1 <= a_i <= 300000$. 7-10 нөмердегі тесттер
Пример:
Вход
6
6 3 9 4 12 27
Ответ
6

комментарий/решение(3) шыгару