Физикадан аудандық олимпиада, 9 сынып, Тәжірибелік тур, 2018-2019 оқу жылы
Сырғанау үйкеліс коэффициенті (10 ұпай)
Құралдар мен жабдықтар: ағаш білікше, жіп, сызғыш.
Тапсырма: өлшеуіш құралы ретінде сызғышты ғана қолдана отырып, ағаш білікше мен үстел бетінің арасындағы сырғанау үйкеліс коэффициентін анықтаңыз.
Нұсқау: Тәжірибелік сайыстың тапсырмаларын орындаған кезде:
- тәжірибені жасау әдісіңізді баяндап, есептеу өрнектерін келтіріңіз;
- тәжірибенің және аралық есептеулердің нәтижелерін жазатын кесте дайындап, оны толтырыңыз;
- қажетті тәжірибелерді жасап, өлшеулерді жүргізіңіз;
- алған нәтижелердің негізінде іздеп отырған шаманы есептеңіз;
- есептеулердің қателіктерін анықтаңыз және соңғы нәтижені жазыңыз, орындалған жұмыстар жөнінде қортындылар жасаңыз.
комментарий/решение