Физикадан аудандық олимпиада, 8 сынып, теориялық тур, 2018-2019 оқу жылы


Есеп №1. Электр пеші 10 мин уақыт ішінде, $20^\circ$ С температурада алынған массасы 1 кг суды буландыруы қажет. Пештің қыздырғышы ретінде, көлденең қимасы 0,5 мм$^2$ нихром сым қолданылған. Егер пеш 120 В кернеуге есептелген және оның ПӘК-і $80\%$ болатын болса, онда нихром сымның ұзындығы қандай болғаны? Нихромның меншікті кедергісі $1,1\cdot 10^{-6}$ Ом$\cdot$м, судың меншікті жылу сыйымдылығы мен меншікті булану жылуының мәндері сәйкесінше 4,2 кДж/(кг$\cdot$К) және $2,26\cdot 10^3$ кДж/кг. (5 ұпай)
комментарий/решение(1)
Есеп №2. Қимасы $S = 3 \cdot10^{-2}$ мм$^2$ мыс өткізгішті қыздырған кезде оның кедергісі $\Delta R=2,5$ Ом шамасына артты. Мыс тығыздығы $\rho=8,9 \cdot 10^3$ кг/м$^3$, ал меншікті жылусыйымдылығы $c = 390$ Дж/(кг$\cdot$К), кедергінің температуралық коэффициенті $\alpha = 3,9 \cdot 10^{-3}$ К$^{-1}$, меншікті өткізгіштік $\sigma = 5,70 \cdot 10^5$ Ом$^{-1} \cdot$см$^{-1}$. Қыздырған кезде өткізгіштің ішкі энергиясының өзгерісін табыңыз. (5 ұпай)
комментарий/решение
Есеп №3. Жұқа линза беретін тура кескін мен дене арасындағы қашықтық, линзаның фокустық арақашықтығының жартысына тең. Дене қандай үлкейтілумен кескінделгенін табыңыз. (5 ұпай)
комментарий/решение
Есеп №4. Қорғасын оқ бөгетке соқтығысып, толығымен балқып кетуі үшін қандай жылдамдықпен ұшып келуі тиіс? Оқтың бастапқы температурасы $27{}^\circ $ С. Оқ қозғалысының барлық энергиясы соқтығыс кезінде жылуға айналады деп ұйғарылады. Қорғасынның балқу температурасы $327{}^\circ $ С. Қорғасынның меншікті жылусыйымдылығы 130 Дж/(кг$\cdot $К), қорғасынның меншікті балқу жылуы 25 кДж/кг. (5 ұпай)
комментарий/решение(1)