Республиканская олимпиада по физике 2017, 9 класс, экспериментальный тур


Заттың жылулық қасиеттерін зерттеу (15 ұпай)


Құралдар мен жабдықтар: калориметр; екі ыдыс; мұз кесектері; жылы су; өлшеуіш цилиндр; термометр; сүзгіш қағаз; қысқыш; қағаз майлықтар; пластик таяқша.
Тапсырма: Судың меншікті жылусыйымдылығын 4200 Дж/(кг $\cdot$ $^{\circ}$С) белгілі деп есептеп, мұздың меншікті балқу жылуын анықтаңыз.
Жүргізілген тәжірибе бойынша келесі түрде есеп беріңіз:
1) барлық қажетті қатынастарды алып, тәжірибені жүргізу әдісіңізді толығымен баяндаңыз;
2) қажетті өлшеулер жүргізіп, оларды кестелер және графиктер түрінде келтіріңіз;
3) алынған нәтиженің қателігін есептеңіз.
комментарий/решение