Республиканская олимпиада по физике 2012, 11 класс, экспериментальный тур


Магниттердің әсерлесуі


Құралдар мен жабдықтар: Параллелепипед пішініндегі екі магнит, штатив, екі сызғыш, транспортир, скотч, қайшы, миллиметрлік қағаз (2 парақ).
Тапсырма: Неғұрлым дәлірек келесі шамаларды анықтаңыз:
  1. магнит пен сызғыш арасындағы үйкеліс коэффициентін;
  2. екі параллель бағдарланған магниттердің әсерлесу күшінің олардың арасындағы қашықтықтан тәуелділігін;
  3. алынған тәуелділіктерді графиктік түрде келтіріп, алынған нәтиженің қателігін есептеңіз;
  4. магниттердің эсерлесу күшінің олардың арасындағы қашықтықтан тәуелділігін сипаттайтын қандай-да бір шынайы формула ұсына аласыз ба.

Ескерту: сіз ұсынып отырылған жұмыс жүргізілген тәжірибелердің есебі болуын есіңізге сақтаңыз. Егер сіздің есебіңізден, қандай тәжірибе жүргізгеніңіз, немесе қандай өлшем біріктер қолданғаныңыз, немесе қандай есептеулер жүргізгеніңіз туралы нақты дәлелдер табылмаса, онда сіз ешқандай жұмыс жасамағаныңыз!!!
комментарий/решение