Областная олимпиада по физике 2016, 10 класс, экспериментальный тур
Жарық диодын зерттеу (10 ұпай)
Құралдар мен жабдықтар: қызыл жарықдиоды, градуирленген айнымалы резистор, сыйымдылығы белгісіз конденсатор, вольтметр, батарейка $4,5$ В, секундомер, қосқыш сымдар, кілт.
Көңіл аударыңыз: берілген резисторлардың кедергілерінің мәндерінің қателіктерін (айнымалы резистор шкаласының қателігін де) ескермеуге болады. Зарядталу процессінде тізбектегі ток күші уақыттан $I=I_0\exp(-t/RC)$ заңдылығы бойынша тәуелді, мұндағы $R$ — зарядталу тізбегінің толық кедергісі.
Тапсырма: конденсатордың $C$ сыйымдылығын, вольтметр кедергісін $R_{V}$ және конденсатордың вольтметр арқылы разрядталуына тән $\tau_0=R_{V}C$ уақытты максимальды мүмкін дәлдікпен анықтаңыз. Жарықдиоды кедергісінің орташа мәнін анықтаңыз.
Нұсқау: Тәжірибелік сайыстың тапсырмаларын орындаған кезде:
- тәжірибені жасау әдісіңізді баяндап, есептеу өрнектерін келтіріңіз;
- тәжірибенің және аралық есептеулердің нәтижелерін жазатын кесте дайындап, қажетті тәжірибелерді жасап, өлшеулерді жүргізіп, оны толтырыңыз;
- алған нәтижелердің негізінде іздеп отырған шаманы есептеңіз;
- есептеулердің қателіктерін анықтаңыз және қорытынды жазыңыз.
комментарий/решение