Областная олимпиада по физике 2016, 9 класс, экспериментальный тур
Заттың тығыздығын өлшеу (10 ұпай)
Тапсырма: Қатты күйдегі белгісіз заттың тығыздығын анықтаңыз. Белгісіз зат суда араласпайды және онымен химиялық реакцияларға түспейді. Су тығыздығы $1000$ кг/м$^3$.
Құралдар мен жабдықтар: өлшеу шкаласы жоқ шыны стақан, суы бар стакан, өлшеу шкаласы жоқ шыны түтік (пробирка), миллиметрлік қағаз парағы, қайшы, скотч, белгісіз заттың кішірек кесектері, қағаз майлықтар, инесіз шприц (өлшеу шкаласын қолдануға болмайды).
Нұсқау: Тәжірибелік сайыстың тапсырмаларын орындаған кезде:
- тәжірибені жасау әдісіңізді баяндап, есептеу өрнектерін келтіріңіз;
- тәжірибенің және аралық есептеулердің нәтижелерін жазатын кесте дайындап, оны толтырыңыз;
- қажетті тәжірибелерді жасап, өлшеулерді жүргізіңіз;
- алған нәтижелердің негізінде іздеп отырған шаманы есептеңіз;
- есептеулердің қателіктерін анықтаңыз және соңғы нәтижені жазыңыз;
- орындалған жұмыстар жөнінде қортындылар жасаңыз.
комментарий/решение