Районная олимпиада по физике 2016, 9 класс, теоретический тур


Есеп №1.  Массасы $M$ тіреуіште салмақсыз стержень бекітілген, стержень бойымен массасы $m$ шарик сырғи алады. Стержень маңында орала отырып, бір ұшынан тіреуіштің төменгі нүктесіне, екінші ұшынан шарикке қатаңдығы $k$ серіппе бекітілген және ол барлық уақытта вертикаль қалпын сақтап тұрады. Шариктің үстінен баса отырып, серіппені бастапқы $x_0$ шамасына ығыстырады, және тыныштық күйінен босатады. Тіреуіш секіріс жасайтын $x_0$ шамасының минимальді мәнін табыңыз. Еркін түсу үдеуі $g$ тең. (5 ұпай)


комментарий/решение
Есеп №2.  ЭҚК $U_0=1,3$ В болатын батарейкаға, суретте келтірілген көпір түріндегі электрлік тізбек қосылған. Тізбектегі үш вольтметр өзара тең, сондай-ақ екі миллиамперметр де өзара тең болып табылады. Батарейканы идеал деп есептеңіз. Вольтметр кедергісі, миллиамперметр кедергісінен артық. Егер миллиамперметр көрсеткіштері $3$ есе ерекшеленетін болса, онда әрбір вольтметрдің көрсеткіштерін анықтаңыз. (5 ұпай)


комментарий/решение
Есеп №3.  Жерден $1,5$ м биіктікте орналасқан, қимасы $20$ см$^2$ болатын брандспойт ұшынан, $15$ м/с жылдамдықпен су ағыны атқылайды. Егер су ағынының қисықтық радиусының ең аз мәні $h$ болатын болса, онда ауада ілініп тұрған су массасын табыңыз. Ауа кедергісін ескермеңіз. Еркін түсу үдеуінің мәнін $10$ м/с$^2$ деп алыңыз. (5 ұпай)
комментарий/решение
Есеп №4.  Диаметрі $D=2$ см жұқа жинағыш линзаның фокустық арақашықтығы $F_1=10$ см. Оның оптикалық осінің бойымен диаметрі $d=1$ см дөңгелек тесік бұрғылап теседі де оған фокустық арақашықтығы $F_2=20$ см шашыратқыш линза қояды. Линзалардың бас оптикалық осінде, олардан $F_2=20$ см қашықтықта нүктелік жарық көзі орналасқан, ал линзалардың ар жағында $\text{Э}$ экран орын ауыстыра алады. Экрандағы жарық дағының $D_{\min}$ минимальді өлшемін анықтаңыз. (5 ұпай)
комментарий/решение