Районная олимпиада по физике 2015, 11 класс, экспериментальный тур
Аса жеңіл жүктерді өлшеу (10 ұпай)
Құралдар мен жабдықтар: суы бар ыдыс (банка), пенопласт кесегі, шеге жиынтығы, миллиметрлік бөлігі бар сызғыш немесе милиметрлік қағаз парағы, үшкір ұшталған қарындаш, фольга, қағаз майлықтар.
Тапсырма: Ұсынылған құрал-жабдықтарды қолданып фольга қиығының $m$ массасын анықтаңыз.
Нұсқау: Тәжірибелік сайыстың тапсырмаларын орындаған кезде:
- тәжірибені жасау әдісіңізді баяндап, есептеу өрнектерін келтіріңіз;
- тәжірибенің және аралық есептеулердің нәтижелерін жазатын кесте дайындап, оны толтырыңыз;
- қажетті тәжірибелерді жасап, өлшеулерді жүргізіңіз;
- алған нәтижелердің негізінде іздеп отырған шаманы есептеңіз;
- есептеулердің қателіктерін анықтаңыз және соңғы нәтижені жазыңыз, орындалған жұмыстар жөнінде қортындылар жасаңыз.
комментарий/решение(1)