Loading [MathJax]/jax/output/SVG/jax.js

Районная олимпиада по физике 2015, 11 класс, теоретический тур


Есеп №1.  Бір-біріне параллель екі тақтайша ϑ1 және ϑ2 жылдамдықтармен екі түрлі жағдайда қозғалады: а) бір бағытта; б) қарама-қарсы бағытта. Тақтайшалар арасына радиусы R дискі қысылған. Дискі мен тақтайшалар арасында сырғу байқалмайды. Дискінің айналу жылдамдығы мен оның центрінің жылдамдығы қандай? (5 ұпай)
комментарий/решение(1)
Есеп №2.  Ұзындығы L=1 м түтікті P0=105 Па қысымдағы атмосфералық ауамен толтырып, қозғалмайтын жеңіл поршенмен жауып, сұйығы бар ыдысқа H=40 м тереңдікке батырады. Түтік ұзындығының α=x/L қандай бөлігі газбен толтырылады? Температура тұрақты, қаныққан бу қысымы — мардымсыз аз, ρmax=1,26 г/см3 (глицерин), g=10 м/с2. (5 ұпай)
комментарий/решение
Есеп №3.  Екіатомды идеал газдың қандай-да бір мөлшері қатысатын процес кезінде, алдымен газдың қысымын изохоралық түрде 2 есе арттырып, одан кейін оның қысымын изобаралық түрде 3 есе арттырған. Осы процесте газға қандай жылу мөлшері берілген? Газдың бастапқы қысымы мен көлемі сәйкесінше P0=105 Па және V0=100 л. (5 ұпай)
комментарий/решение
Есеп №4.  Центрлері ортақ, радиустары R1=10 см және R2=20 см болатын екі өткізгіш сфера, шамасы бірдей q=7,5108 Кл зарядпен әраттас зарядталып, сыммен қосылған. Осы кезде қандай жылу мөлшері бөлінген? (5 ұпай)
комментарий/решение