Районная олимпиада по физике 2015, 8 класс, теоретический тур
Есеп №1. Массасы m1=0,5 кг алюминий шәйнекке, t1=20∘ C температурадағы мөлшері m2=2,0 кг болатын су құйып, ПӘК-і η=30% болатын электрлік пешке қояды. Пеш тұтынатын қуат шамасы N=5,0⋅103 Вт. Қанша уақыттан соң шәйнектегі су массасы Δm=100 г-ға азаяды? Алюминийдің меншікті жылусыйымдылығының мәні c1=9⋅102 Дж/(кг⋅К), судың меншікті жылусыйымдылығы c2=4,2 кДж/(кг⋅К), су үшін меншікті булану жылуы r=2,3⋅106 Дж/кг. (5 ұпай)
комментарий/решение(1)
комментарий/решение(1)
Есеп №2. Суретте келтірілген электрлік сұлбаға бірдей екі вольтметр және бірдей екі амперметр қосылған. Өлшеу құралдарының көрсеткіштері келесі мәндерге тең болған: V1=10,0 B, V2=10,5 B, I1=50 мА, I2=70 мА. Резистордың R кедергісін анықтаңыз.(5 ұпай)
комментарий/решение
комментарий/решение
Есеп №3. Екі нүктелік жарық көздері жазық айна бетінен бірдей 20 см қашықтықта орналасқан. Жарық көзінің бірінен екіншісінің кескініне дейінгі арақашықтық 50 см. Жарық көздерінің арасындағы қашықтықты анықтаңыз. (5 ұпай)
комментарий/решение
комментарий/решение
Есеп №4. Тұтынатын қуаттың 60 Вт мөлшерінде жарық шамы 120 В кернеуге есептелген болса, онда 220 В кернеуде жарық шамы қалыпты жанып тұруы үшін, оған тізбектей қандай R кедергі қосылуы тиіс? (5 ұпай)
комментарий/решение
комментарий/решение