Loading [MathJax]/jax/output/SVG/jax.js

Городская Жаутыковская олимпиада по математике, 8 класс, 2020 год


Есеп №1. ЕҮОБ(a,b)=24, ЕҮОБ(b,c)=36, ЕҮОБ(c,d)=54, 70<ЕҮОБ(d,a)<100 болатындай a,b,c және d натурал сандары берілсін. a санының ең үлкен жай бөлгішін табыңыз.
комментарий/решение
Есеп №2. Бір бұрышы C=90 болатындай, ABC үшбұрышы берілсін. AC:BC=5:6 және AB=122 екені белгілі. Егер ABC үшбұрышында CD биіктігін жүргізсек, BD-ны табыңыз.
комментарий/решение
Есеп №3. Балақай, картоннан жасалған дұрыс 67-бұрышты көпбұрышты түзу жүргізіп екі бөлікке бөлді. Сосын, пайда болған екі бөліктің біреуін дәл солай бөлді, кейін тағы да пайда болған үш бөліктің біреуін түзумен бөлді, және дәл солай әрі қарай жалғастырып кетті. Соңында, n бұрышты 8 көпбұрыш пайда болды. n санының барлық мүмкін мәндерін табыңыз.
комментарий/решение
Есеп №4. P(x)=(x12)(x22)(x1002) деп алайық. P(n)0 болатындай, барлық натурал n сандарының санын табыңыз.
комментарий/решение
Есеп №5. ABC үшбұрышының AB кесіндісінде D нүктесін белгілейік. BC=74, AC=30, AB=88, AD=28 екені белгілі. CD-ны табыңыз.
комментарий/решение
Есеп №6. a нақты саны үшін 49a225a2=3 теңдігі орындалсын. 49a2+25a2 өрнегінің мәнін табыңыз.
комментарий/решение
Есеп №7. ABC үшбұрышында AB=13, BC=15 және AC=14 екені белгілі. BP және BQ — сәйкесінше ABC үшбұрышының биіктігі және биссектрисасы. BPQ үшбұрышының ауданын табыңыз.
комментарий/решение
Есеп №8. {2,3,4,5,6,7,8,9} жиынының неше ішкі жиынтығында кем дегенде бір жай сан бар?
комментарий/решение
Есеп №9. a1+a2+a10=1001 теңдігі орындалатындай, a1, a2, , a10 натурал сандары берілсін. d=ЕҮОБ(a1,a2,,a10) болсын. d санының мүмкін болатын ең үлкен мәнін табыңыз.
комментарий/решение
Есеп №10. Футбол жарысында кез-келген екі құрама бір-бірімен дәл бір рет ойнады. Жарыс соңында, ешқандай екі команда бірдей ұпай жинамағандығы белгілі болды. Сонымен қатар, 20 құрама ешқандай ойында ұтпағаны белгілі. Жарыста ең кем дегенде неше құрама қатысты? (Футбол ойынында жеңіліс үшін 0 ұпай, тең ойын үшін 1 ұпай, жеңіс үшін 3 ұпай береді.)
комментарий/решение