Ш. Смағұлов атындағы 6-7 сыныптарға арналған олимпиаданың қорытынды кезең нәтижелері

Жариялау күні: 2024-06-19

15-16 маусым Алматы қаласында ғылым, техника және білім саласындағы ҚР Мемлекеттік сыйлығының лауреаты, ҚР Ұлттық инженерлік академиясының академигі, физика-математика ғылымдарының докторы, профессор Смағұлов Шалтай Смағұлұлы атындағы Республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңі өтті.

Жыл сайын олимпиадаға қатысушылардың саны мен географиясы артып келеді. 2024 жылғы іріктеу кезеңіне Қазақстанның 22 облысынан 2700-ге жуық оқушы қатысты. Нәтижелері бойынша аймақтық кезеңге 326 адам жолдама алды. Оның ішінде Алматы қаласындағы қорытынды кезеңге 115 оқушы өтті.

Бұл олимпиадаға 2018-ші жылдан бастап Қырғызстан мемлекеті белсенді қатысуда. Сонымен қатар осы жылы қорытынды кезеңге Өзбекстан мемлекетінен бір 7-ші сынып оқушысы өтті.

Олимпиаданың 1-ші күні – ЖЕКЕ КЕЗЕҢ:

Әдеттегідей олимпиада келген қатысушыларды тіркеуден басталды. Олимпиаданың ашылуында Шалтай Смағұловтың інісі Төлегенов Балқыбай Молдаханұлы мен Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің механика-математика факультетінің аға оқытушысы - Әбенов Болат Құсайынұлы қатысушыларға сәттілік тілеп, жылы лебіздерін білдірді.

Механика-математика факультетінің Студенттердің ғылыми қоғамы ұйымының мүшелері барлық қатысушыларды дайын аудиторияларға шығарып салды. 4 сағат бойы қатысушылар олимпиаданың қиын әрі қызықты есептерін шығарды.

Сол күні, сағат 16:30-да қатысушылар назарына есептердің шығарылу жолдары, бағалау сызбасы және олимпиаданың алғашқы нәтижелері ілінді. Сағат 17:00-де қатысушылардың 50% бөлігі апелляцияға өтініш қалдырды. Тәжірибелі қазылар алқасының арқасында жүйелі түрде апелляцияға берген барлық қатысушылардың жұмысы қайта қаралды.

Олимпиаданың 2-ші күні – КОМАНДАЛЫҚ ТУРНИР:

Бұл күні сағат 9-ға дейін командалар жинақталып тіркеуден өтті. 93 адамнан құралған 23 команда бірігіп 4 сағат бойы қызығушылықпен, ынтамен есептерді шығарды. Командалық кезеңнің ережесі бойынша әр командаға 16 есеп берілді. Есептердің шығарылуына қарай қатысушылар қазылар алқасына өздерінің шешу жолдарын дәлелдеп көрсетті. Қатысушылардың есептерді шығара алғаны, оларға есептер және командамен жұмыс жасау ұнағаны біз үшін қуантарлық жайт.

Марапаттау рәсімі (https://matol.kz/announce/226) екі тілде шығарылған Ш. Смағұлов атындағы олимпиаданың есептері жинақталған кітаптарды таныстырумен басталды. Олар:

Жиналған көрермендердің алдында кітаптардың авторы Кунгожин Медеубек Аманкелдіұлы сөз сөйледі.

Осыдан бір жыл бұрын «әл-Фараби» ОДО-ның 10 жылдығына арналған конференцияда ол орталықтың жұмысы, басылып шығарылған кітаптар, өткізілген олимпиадалар жайлы ғана емес, сонымен қатар сапалы олимпиадалық әдебиеттердің жоқтығы жайлы мәселені қозғады (әсіресе қазақ тілінде). Және сол уақытта өзінің қазақ тіліндегі кітапты шығару жөніндегі жоспарымен бөлісті.

Сапалы олимпиадалық кітаптардың өз ана тілінде шығарылуы әр ұлттың білімі мен мәдениеті үшін маңызды екенін барлығымыз түсінеміз. Сондықтан осы уақыт ішінде қазақ тілінде екі кітап жарық көрді.

2023-ші жылдың желтоқсан айында

Авторлары: Кунгожин А.М., Кунгожин М.А., Елемес Т. (қазақша басылым).

VIІ Шалтай Смағұлов атындағы олимпиаданың қорытынды кезеңінің жеңімпаздарын марапаттау күні залда жиналғандардың барлығы осы олимпиадаға арналған алғашқы кітаптың «Тұсау кесу» рәсіміне куә болды.

«Тұсау кесу» дәстүрі бойынша қызыл лентаны қию олимпиаданың құрметті қонағы, ҚР физика-математика ғылымдарының докторы, Абай атындағы ҚазҰПУ-нің профессоры Бектемесов Мақтағали Әбдімәжітұлына берілді. Ол әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің механика-математика факультетінің деканы қызметін атқара отырып, 2016-шы жылы факультет базасында олимпиада өткізу туралы құжаттарға қол қойды.

Кітапта бірнеше сағат бұрын командалық кезеңде берілген есептер де шешу жолдарымен ұсынылғандықтан, жиналған көрермен кітапты тағадсыздана қарсы алды. Бұл кітап оқушылар үшін баға жетпес әрі шабыт беретін оқу құралы болады деп сенеміз.

Осындай тамаша сәттен соң, жеке кезеңнің нәтижелері жарияланып, жеңімпаздар дипломдармен, грамоталармен марапатталды. Сонымен қатар, жеңімпаздарға электроника және «әл-Фараби» ОДО-ның кітап дүкеніне сертификаттар табысталды.

 

Академик Смағұлов Шалтай Смағұлұлының інісі Төлегенов Балқыбай Молдаханұлы үш номинация бойынша командалық кезеңнің жеңімпаздарына салтанатты түрде кубоктарды табыстады.

Үлкен кубок және «Ең үздік математикалық мектеп» номинациясын Алматы қаласы, РФММ-нің оқушылары иеленді.

Орташа кубок және «Ең үздік математикалық аймақ» номинациясын Алматы қаласының оқушылары иеленді:

Кіші кубок және «Ең үздік математикалық құрама» номинациясын жеңген оқушылар:

 

Жеңімпаздарды марапаттау рәсімінен соң, жиналған көрермендердің алдында:

Әбенов Болат Құсайынұлы - әл-Фараби атындағы ҚазҰУ-нің механика-математика факультетінің аға оқытушысы.

Бектемесов Мақтағали Әбдімәжітұлы — ҚР физика-математика ғылымдарының докторы жеңімпаздарды құттықтап сөз сөйледі.

Қазақстан, Қырғызстан, Өзбекстаннан көптеген қатысушылар қатысып, олимпиаданың географиясының өсуі аймақтық ұйымдастырушылардың көмегінсіз жүзеге аспайтындығын атап өткіміз келеді. Оларға өз аймақтарында олимпиаданы өткізуге көмек көрсеткендері үшін ерекше алғыс білдіреміз!:

Олимпиада ұйымдастырушылары атынан олимпиаданы өткізуге көмек білдіргені үшін:

Барлықтарыңызға сәттілік тілейміз!


Олимпиада материалдары:


Нәтижелер
Аты-жөніҚалаМектепСыныпΣОрынЖүлде
1Оразбек ТемірАлматы№90635125000
2Керимов АрланБішкек62635125000
3Сатыбалды СаятАстана№93634220000
4Жандельдинов БексултанПавлодарЖас дарын634220000
5Козлов ТимофейӨскеменОСШЛМФИ632220000
6Бердигулова АнараАстанаРФМШ631220000
7Куракбаев АлиханПавлодар№8630315000
8Уткин НиколайПавлодар№8630315000
9Смагулов МаксатАлматы№90629315000
10Бердімұрат АхметАқтөбе№18626315000
11Наурыз ӘмірханАқтөбе№24626315000
12Тоинбаева НуриАлматы№90626315000
13Дерксен ВадимПавлодар№8626315000
14Шәріпхан ЕрболатПавлодар№8626315000
15Балгинбаева АяулымАқтөбеАОМФМЛИ625Гр10000
16Төлеуғали ЖансерікАқтөбеБiлiм мектеп гимназия625Гр10000
17Байжанов ЭрикАлматы№90625Гр10000
18Кулагин РодионАлматы№90625Гр10000
19Ізбасар НұрқадырТүркістанАбай625Гр10000
20Серикбай АлиханТүркістанАбай625Гр10000
21Дружинин АлексейӨскеменОСШЛМФИ624Гр10000
22Мясников АртёмӨскеменОСШЛМФИ624Гр10000
23Акимов АриетОшИ.М. Губкин атындағы мектеп624Гр10000
        
Аты-жөніҚалаМектепСыныпΣОрынЖүлде
1Егеубаев ИльясгиждуаниАлматыНЗМ ФМБ731125000
2Омар АйсұлтанАстанаБИЛ730125000
3Булат ЖәнғірАлматыРФММ726220000
4Нұрсұлтан АлиханАлматыРФММ722220000
5Хакимгали АбұлмансұрАлматыРФММ721220000
6Чарлин ДавидАлматыНЗМ ФМБ718315000
7Сайлау АбдулазизАтырауБИЛ718315000
8Күнғожин АбзалАлматыРФММ716315000
9Мамжанова ТомирисПавлодар№8716315000
10Дүйсенбек ӘлиАлматыБИЛ714315000
11Касенгазы КасымАлматыБИЛ714315000
12Өмірғожа НұрдәулетАлматыРФММ713Гр10000
13Юденич АндрейАлматыРФММ713Гр10000
14Ержан ЕртөреАстанаБИЛ713Гр10000
15Бисенова АйзереАлматыРФММ712Гр10000
16Берік АңсарАстанаРФМШ712Гр10000
17Шегебаев СанджарОралНЗМ ФМБ712Гр10000
18Кәрібай АрнұрАлматыНЗМ ФМБ711Гр10000
19Хабдолда НұрәділҚарағандыБИЛ 711Гр10000
20Шыңғалиұлы АқәділТаразНЗМ ФМБ711Гр10000


Олимпиада барысындағы суреттер мен видеоларды көру үшін, инстаграм парақшаға тіркеліңіз: https://www.instagram.com/cop.alfarabi/


Комментарий(0)