Ш.Смағұлов атындағы 6-7 сыныптарға арналған олимпиаданың І кезең нәтижесі (І кезеңнің өткен уақыты: 25-ші ақпан)
Назар аударыңыз! 21 сәуірде өтетін 2 кезеңнің өтетін орындары https://matol.kz/announce/222 парақшасында жарияланған.
Құрметті, Шалтай Смағұлов атындағы олимпиада қатысушылары! Төменде олимпиадаға қатысты барлық мәліметтер көрсетілген. Барлық мәліметтерді толық, мұқият қарап шығуларыңызды сұраймыз!
Ш. Смағұлов атындағы олимпиаданың І кезең нәтижеcі: осы сілтемеде жарияланған
Есептердің берілгендерін және жауаптарын: осы жерден көре аласыз.
Шекті балл:
- 6-шы сынып: 15 балл және одан жоғары.
- 7-ші сынып: 25 балл және одан жоғары.
ІІ кезеңнің өту уақыты: 21-ші сәуір.
Олимпиаданың өтетін орны: Нақты уақыты және өтетін орны 1 апта бұрын www.matol.kz сайтында жарияланады. Хабарландыруларды бақылап жүріңіздер.
Назар аударыңыз!
1. Кез-келген өңір қалалық кезеңге 4 қатысушысын қатыстыра алу үшін квотаға ие. Мысалы, егер №1 өңірден 6-шы сыныптан ресми түрде ІІ кезеңге 1 қатысушы өтсе, онда сол өңірден тағы 3 қатысушы квота бойынша өтеді. Сонымен қатар, егер 4-ші, 5-ші т.б қатысушылардың нәтижелері бірдей болса, олардың нәтижесінен төмен нәтиже шыққанша, бұл өңірден қалалық кезеңге қатысатын оқушылар саны толықтырыла береді.
2. Дисквалификацияланған балалардан бөлек, ұйымдастырушылар шешімімен немесе көшіргені үшін бүкіл мектеп оқушыларының жұмысы бейресми түрде дисквалификацияланып, тізімнен алынды.
3. Есептің жауабын натурал санмен жазбаған оқушылардың жауаптары қабылданбады.
4. І кезең өткен орындардың көп бөлігі, үлкен қалада өтпегеніне қарамастан, бір өңірге қарайды. Мысалы, Арал, Қызылорда қалалары Қызылорда облысына қарайды.
Сұрақтар бойынша почтаға жазыңыздар: cop.alfarabi@gmail.com.
Комментарий(0)
Возможно, что при неправильном наборе формул, они будут
доредактированы модератором. При этом содержание не будет меняться.