Иран геометрия олимпиадасы (IGO)


Қазақстан қатысушыларына арналған Иран геометрия олимпиадасының (IGO) ЕРЕЖЕСІ

1. ЖАЛПЫ ЕРЕЖЕЛЕР

1.1. Осы ереже Қазақстаннан келген оқушылардың Иран геометрия олимпиадасына (Iranian Geometry Olympiad, IGO) қатысу тәртібін анықтайды.
1.2. Олимпиада https://igo-official.com сайтында жарияланған IGO-ның ресми ережелеріне сәйкес өткізіледі.
1.3. Олимпиадаға қатысу жеке түрде жүзеге асырылады. Қазақстандық қатысушылар ұлттық ұйымдастырушы арқылы қатысады.
1.4. ҚАЗАҚСТАН ҚАТЫСУШЫЛАРЫНА АРНАЛҒАН БАЙЛАНЫС АҚПАРАТЫ:

2. ҚАТЫСУ СЫНЫПТАРЫ

2.1. Олимпиада үш деңгей бойынша өткізіледі:

3. ОЛИМПИАДАНЫҢ КЕЗЕҢДЕРІ МЕН ФОРМАТЫ

3.1. Олимпиада екі кезеңнен тұрады:

3.2. Іріктеу кезеңінің форматы – әр лигада 20 есептен тұратын ашық тест (жауап нұсқалары берілмейтін тест). Жауаптар натурал сан түрінде жазылуы тиіс. Ұзақтығы – 120 минут.
3.3. Негізгі кезеңнің форматы – жазбаша. Әр лигада әртүрлі күрделіліктегі 5 есеп беріледі. Әр есеп бойынша ең жоғары баға – 8 балл. Жалпы ең жоғары балл – 40 балл. Олимпиаданың ұзақтығы – 270 минут (4 сағат 30 минут), алайда Elementary деңгейі үшін уақыт қысқартылуы мүмкін.
3.4. Өткен олимпиадалардың есептері: https://matol.kz/nodes/166.

4. ІРІКТЕУ ЖӘНЕ МАРАПАТТАУ КРИТЕРИЙЛЕРІ

4.1. Іріктеу кезеңінің қорытындысы бойынша әр лигадан 50 оқушы келесі кезеңге өтеді. Ешқандай квота қарастырылмаған.
4.2. Негізгі кезеңнің қорытындысы бойынша әр лигада ең үздік нәтиже көрсеткен 4, 8, 12 оқушы Қазақстанның ұйымдастыру комитеті атынан тиісінше 1, 2, 3 дәрежелі дипломдармен марапатталады. Балл саны тең болған жағдайда бірінші кезеңнің нәтижелері ескеріледі. Әр лигадағы үздік 4 жұмыстың скан-көшірмелері мен нәтижелері халықаралық есептегі қорытындыны шығару үшін ұйымдастырушыларға жіберіледі.
4.3. Олимпиада кезінде қатысушыларға мыналарды пайдалануға рұқсат етіледі:

4.4. МЫНАЛАРДЫ ПАЙДАЛАНУҒА ТЫЙЫМ САЛЫНАДЫ:

Ереже 2026 жылғы IGO ережелері негізінде әзірленді.