10-11 класс
Есеп C. Хан және тізбек
Ограничение по времени:
2 seconds
Ограничение по памяти:
512 megabytes
Хан туған күніне орай $n$ саннан тұратын сан тізбегін сыйлық ретінде алып, онымен ойнай бастады. Ол тізбектің әр санын алып, оны $m$ рет жазды. Сонымен қатар, Ханның сүйікті жай саны $P$ бар. Оны ендігі қызықтыратыны, осы тізбектің неше тізбекшесінің қосындысы $P$ санына бөлінетіндігі. Ханға осыны анықтауға көмектесіңіз.
Формат входного файла
Бірінші жолда бос орын арқылы үш бүтін сан $n$, $m$, $P$ берілген — сәйкесінше Ханның тізбегінің ұзындығы, әр санды неше рет жазатын мөлшері және жай сан $(1 <= n <= 10^5, 1 <= m <= 10^9, 1 <= P <= 10^3)$.
Екінші жолда бос орын арқылы $n$ сан $a_1, a_2, ..., a_n$ берілген — Хан сыйлық ретінде алған тізбек $(1 <= a_i <= 10^9)$.
Формат выходного файла
Бір сан шығарыңыз — қосындысы $P$-ға бөлінетін тізбекшелердің саны. Бұл сан өте үлкен болуы мүмкін болғандықтан, $1000000007$-ге бөлгендегі қалдығын шығарыңыз.
Система оценки
1-бөлім (10 ұпай) — $ n <= 10^5$, $m <= 10^5,$ $P = 2 $.
2-бөлім (10 ұпай) — $ n * m <= 20$, $P <= 1000 $.
\par
3-бөлім (10 ұпай) — $ n * m * P <= 10^6, $.
\par
4-бөлім (20 ұпай) — $ n * m <= 250000$, $P <= 500 $.
\par
5-бөлім (50 ұпай) — $ n <= 10^5$, $m <= 10^9$, $P <= 1000 $.
Пример:
\exmpfile{example.01}{example.01.a}%
Замечание
Хан бастапқы тізбекті былай түрлендіреді. Бастапқы тізбек $a_1, a_2, ..., a_n$ болсын. Және де бос $b$ тізбегі болсын делік. Бір-бірден, солдан оңға қарай $a$ тізбегінен сандарды алып, $a_i$ санын $b$ тізбегінің артына $m$ рет тіркестіріп жазайық. Хан есепті жаңадан пайда болған $b$ тізбегімен шығарады.
Тізбекше — бастапқы тізбектің бірнеше, мүмкін нөл, элементін өшіріп тастағаннан кейінгі қалған тізбек.
Бірінші мысалда, $b$ тізбегі мынадай болады: $3, 3, 7, 7, 4, 4$. Есептің жауабында көрсетілгендей, $11$ тізбекшенің қосындысы $5$-ке бөлінеді. Олар мыналар: $[3, 7]$, $[3, 7]$, $[3, 7]$, $[3, 7]$, $[3, 3, 4]$, $[3, 3, 4]$, $[3, 3, 7, 7]$, $[7, 4, 4]$, $[7, 4, 4], $[3, 7, 7, 4, 4], $[3, 7, 7, 4, 4]$.
(
Nurdaulet Akhanov
)
Комментарий/решение:
import itertools
input = open("test_in.txt", "r")
output = open("test_out.txt", "w")
⠀
n,m,p = map(int, input.readline().split())
a = input.readline().split()
b = []
q = 0
⠀
for i in a:
⠀⠀⠀⠀for r in range(m):
⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀b.append(int(i))
⠀
for L in range(1, len(b)+1):
⠀for k in itertools.combinations(b, L):
⠀⠀⠀if sum(k)%5==0:
⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀q+=1
⠀⠀⠀⠀⠀⠀⠀#print(k) 5-ке бөлінетін комбинацияларды шығару үшін
⠀
output.write(str(q))
input.close()
output.close()
Возможно, что при неправильном наборе формул, они будут
доредактированы модератором. При этом содержание не будет меняться.