Республиканская олимпиада по физике 2018, 10 класс, экспериментальный тур


Ауаны суыту және суды қыздыру процестерін зерттеу (15 ұпай)


Құралдар мен жабдықтар: қозғалмалы поршені бар цилиндр (мөлдір); инесі бар $20$ мл. шприц; инесі бар $10$ мл. шприц; ермексаз кесегі; калориметр, мұз. ыстық су; қайшы, скотч; миллиметрлік қағаз; серіппе; термометр немесе температуралық датчик.

Тапсырма:
— поршеннің төменгі бөлігіне ауа молінің қандай-да бір мөлшерін жіберіп, суыту процесі кезінде ауа атқаратын жұмысты анықтаңыз;
— поршеннің төменгі бөлігіне су молінің қандай-да бір мөлшерін бүркіп, қыздыру процесі кезінде су атқаратын жұмысты анықтаңыз.
Келесі шамаларды белгілі деп есептеңіз:
— ауа мен судың молярлык массалары: $\mu_{\text{ауа}}=29$ г/моль, $\mu_{\text{су}}=18$ г/моль.
Жүргізілген тәжірибе бойынша келесі түрде есеп беріңіз:
1)барлық қажетті катынастарды алып, тәжірибені жүргізу әдісіңізді толығымен баяндаңыз;
2)қажетті өлшеулер жүргізіп, оларды кестелер мен Графиктер түрінде келтіріңіз;
3)алынған нәтиженің қателігін есептеңіз.
Ескерту: сіз ұсынып отырылған жұмыс жүргізілген тәжірибелердің есебі болуын есіңізге сақтаңыз. Егер сіздің есебіңізден, қандай тәжірибе жүргізгеніңіз, немесе қандай өлшем бірліктер қолданғаныңыз, немесе қандай есептеулер жүргізгеніңіз тура лы нақты дәлелдер табылмаса, онда сіз ешқандай жұмыс жасамағаныңыз!!!
посмотреть в олимпиаде

Комментарий/решение: