Loading [MathJax]/jax/output/SVG/jax.js

Республиканская олимпиада по физике 2017, 10 класс, экспериментальный тур


Физикалық маятниктің тербелісі (15 ұпай)


Құралдар мен жабдықтар: тесіктері бар, ұзындығы 1 м болатын метал стержень; тесіктері бар, ұзындығы 0,5 м болатын ағаш стержень; муфтасы және қалақшалары бар ұзын штатив; центрінде тесігі бар диск; бұрандама және сомын; жіп; қайшы; секундомер; миллиметрлік қағаз; қолғап.
Тапсырма: физикалық маятниктің тербеліс периодының іліну нүктесінің таңдалған орнынан тәуелділігін зерттеңіз.
Келесі шамаларды белгілі деп есептеңіз:
метал стерженнің ұзындығын, массасын, радиусын және жұқа қабырғасының қалыңдығын: l(м.ст.)=1 м, m(м.ст.)=269,7 г, r(м.ст.)=0,8 см, h(м.ст.)=1 мм;
ағаш стерженнің ұзындығын, массасын және радиусын: l(а.ст.)=0,5 м, m(а.ст.)=61,4 г, r(a.ст.)=0,9 см;
дискінің массасы мен радиусын: mд=21,4 г, rд=5 см;
болт пен сомынның массасы мен радиусын: m(б.с.)=18,1 г, r(б.с.)=2,6 мм.
Жүргізілген тәжірибе бойынша келесі түрде есеп беріңіз:
1) барлық қажетті қатынастарды алып, тәжірибені жүргізу әдісіңізді толығымен баяндаңыз;
2) қажетті өлшеулер жүргізіп, оларды кестелер мен графиктер түрінде келтіріңіз;
3) метал және ағаш стержендердің тербелістеріне салыстырмалы талдау жасаңыз;
4) алынған нәтиженің қателігін есептеңіз.
посмотреть в олимпиаде

Комментарий/решение: