Республиканская олимпиада по физике 2016, 10 класс, экспериментальный тур
«Қара жәшікті» зерттеу
Құралдар мен жабдықтар: Төрт шығысы бар қара жәшік, вольтметр (мультиметр), миллиамперметр (мультиметр), батарейка 4,5 В, потенциометр, қосқыш сымдар, миллиметрлік қағаз.
Тапсырма:
1) Қара жәшіктің вольт-амперлік сипаттамасын (ВАС) тұрғызыңыз;
2) Қара жәшіктің ВАС талдай отырып, қара жәшіктің ішіндегі мүмкін болатын электрлік схемасын салыңыз;
3) Қара жәшік тізбегінің құрамына кіретін элементтердің сипаттамаларын анықтаңыз. Жүргізілген тәжірибе бойынша келесі түрде есеп беріңіз:
1) барлық қажетті қатынастарды алып, тәжірибені жүргізу әдісіңізді толығымен баяндаңыз;
2) қара жәшікті жалғаудың қажетті электрлік схемаларын келтіріңіз;
3) қажетті өлшеулер жүргізіп, оларды кестелер мен графиктер түрінде келтіріңіз;
4) алынған нәтиженің қателігін есептеңіз.
Ескерту: сіз ұсынып отырылған жұмыс жүргізілген тәжірибелердің есебі болуын есіңізге сақтаңыз. Егер сіздің есебіңізден, қандай тәжірибе жүргізгеніңіз, немесе қандай өлшем бірліктер қолданғаныңыз, немесе қандай есептеулер жүргізгеніңіз туралы нақты дәлелдер табылмаса, онда сіз ешқандай жұмыс жасамағаныңыз!!!
Комментарий/решение:
Возможно, что при неправильном наборе формул, они будут
доредактированы модератором. При этом содержание не будет меняться.