Республиканская олимпиада по физике 2016, 9 класс, экспериментальный тур


Юнг модулінің деформациядан тәуелділігін анықтау


Құралдар мен жабдықтар: Екі түрлі резеңке бұрау, жүк жинағы ($4\times 50$ г, және $4\times100$ г.), муфтасы және екі қалақшасы бар штатив, өлшеуіш лента, қайшы, скотч, миллиметрлік қағаз.
Тапсырма: Серпімді деформация кезінде заттың қасиетін анықтау үшін Юнг модулі деп аталатын шаманы қолданады. Заттың материалынан ғана тәуелді болып табылатын бұл тұрақты шаманы, келесі формула арқылы анықтайды: $$E=(F\cdot l_0)/(S\cdot (l-l_0)),$$ мұндағы $F$ — серпімділік күші, $S$ — деформацияланған дененің көлденең қимасының ауданы, $l_0$ — созылмаған заттың ұзындығы, $l$ — созылған заттың ұзындығы. Юнг модулі Паскальмен (Па) өлшенеді.
1. Юнг модулінің деформациядан тәуелділік графиктерін тұрғызыңыз;
2. Резеңке бұраулардың деформациясының қандай мәндерінде Гук заңы орынды болып табылатындығын көрсетіңіз;
3. Гук заңының орынды болып табылатын аймағында резеңке бұраулардың қатаңдық коэффициенттерін анықтаңыз.
Жүргізілген тәжірибе бойынша келесі түрде есеп беріңіз:
1. Барлық қажетті қатынастарды алып, тәжірибені жүргізу әдісіңізді толығымен баяндаңыз;
2. Қажетті өлшеулер жүргізіп, оларды кестелер және графиктер түрінде келтіріңіз;
3. Алынған нәтиженің қателігін есептеңіз.
Ескерту: сіз ұсынып отырылған жұмыс жүргізілген тәжірибелердің есебі болуын есіңізге сақтаңыз. Егер сіздің есебіңізден, қандай тәжірибе жүргізгеніңіз, немесе қандай өлшем бірліктер қолданғаныңыз, немесе қандай есептеулер жүргізгеніңіз туралы нақты дәлелдер табылмаса, онда сіз ешқандай жұмыс жасамағаныңыз!!!
посмотреть в олимпиаде

Комментарий/решение: