Республиканская олимпиада по физике 2014, 9 класс, экспериментальный тур


Тәжірибелік сайыс бір-бірінен тәуелсіз екі бөлімнен тұрады

Бөлім 1. Қағаз бен қағаздың арасындағы үйкеліс коэффициентін анықтаңыз (8 ұпай)


Құралдар мен жабдықтар: динамометр, тығыздыгы $80$ г/м$^2$ қағаз, массасы белгілі, шамамен $50$ г болатын сомын.
Жүргізілген тәжірибе бойынша келесі түрде есеп беріңіз:
1) барлық қажетті қатынастарды алып, тәжірибені жүргізу әдісіңізді толығымен баяндаңыз;
2) қажетті өлшеулер жүргізіп, оларды кесте түрінде келтіріңіз;
3) алынған нәтиженің қателігін есептеңіз.
Ескерту: сіз ұсынып отырылған жұмыс жүргізілген тәжірибелердің есебі болуын есіңізге сақтаңыз. Егер сіздің есебіңізден, қандай тәжірибе жүргізгеніңіз, немесе қандай өлшем бірліктер қолданғаныңыз, немесе қандай есептеулер жүргізгеніңіз туралы нақты дәлелдер табылмаса, онда сіз ешқандай жұмыс жасамағаныңыз!!!

Бөлім 2. «Мұз және ауа» (7 ұпай)


Құралдар мен жабдықтар: қысқыштары бар штатив; ине немесе шеге; тесігі бар $40$ см сызғыш; секундомер; массасы $5$ г жүк; жіп; $2$ мұз кесегі; ермексаз кесегі; стакан.


Келтірілген тәжірибелер схема бойынша өлшеулер жүргізілген.
Ілінген мұз кесегі баяу еріп, одан уақыттың белгілі бір мезеттерінде тамшы үзілген. Тамшылар станканға түскен.
1. Мұздың еруін бақылай отырып, әрбір тамшының үзілу уақыты кестеге енгізіліп отырылған.

Кестеде: $n$ — тамшы номері, ($t_n$ — тамшының үзілу уақыты; $\tau=t_n-t_{n-1}$ — тамшының түзілу уақыты; $m$ — әрбір келесі тамшы түскен кезден мұз кесегінің массасы. Осы тауелділіктің графигін тұрғызыңыз, оларды сапалы түрде түсіндіріңіз.
посмотреть в олимпиаде

Комментарий/решение: