Республиканская олимпиада по физике 2012, 11 класс, теоретический тур
Нанотехнологиядағы калориметр (8 ұпай)
Нанотехнологияда қолданылатын калориметрдің құрылымын қарастырайық. Диск тәрізді кремний нитридынан жасалған жұка дөңгелек мембрана төрт жұка және жіңішке термиялық көпірлермен қабықшамен қосылады, ал басқа жағдайда ол сыртқы ортадан термиялық түрде оқшауланған (сол жақтағы сурет). Мембрана центрінде құрылымы ұқсас кішкентай радиатор бар, ол температураны өлшеуге арналған (мембрана суреті оң жақта).
посмотреть в олимпиаде

- Калориметр мен оның қабықшасының арасындағы R жылулық кедергіні анықтаңыз. Жылулық кедергі температура айырымының бірлік уақытта тасымалданатын жылу мөлшеріне қатынасымен анықталады; (1 ұпай)
- Өлшеулер бойынша калориметрдегі температура T(t)=T0+ΔTcos(ωt+φ) тең. ΔT және φ анықтап, одан кейін олардың R-дан тәуелділік графиктерін тұрғызыңыз; (4 ұпай)
- Титан дискілердің жылулық қасиеттерін зерттеу үшін, титан дискілер арқылы жүзеге асатын C жылусыйымдылығының аздаған өзгерісінде температура тербелісінің T(t) амплитудасы мүмкіндігінше үлкен мәнге қарай өзгеруі өте маңызды. Осыны ескере отырып, ең тиімді ω0 дөңгелектік жиілікті анықтаңыз; (2 ұпай)
- Жоғарыда көпірлер маңындағы температура сызықты түрде өзгереді деп есептелді, яғни олардың жылусыйымдылығы ескерілмеді. Бұл болжам айтарлықтай жоғарғы ω>ωc жиіліктерде орындалмайды. Осыған сәйкес ωc-ны k, L, меншікті жылусыйымдылық c және көпір материалының тығыздығы ρ арқылы өрнектей отырып, бағалаңыз. (1 ұпай)
Келесі, яғни b) және c) пункттерде жауаптарыңызды C, ω, R және P0 арқылы өрнектеңіз.
Комментарий/решение:
Возможно, что при неправильном наборе формул, они будут
доредактированы модератором. При этом содержание не будет меняться.