Областная олимпиада по физике 2017, 10 класс, теоретический тур


[7 ұпай]. Ауасы сорылып алынып вертикаль орналасқан цилиндрдің көлемі, серіппеге ілінген қозғалмалы поршень арқылы екі бөлікке бөлінген (суретті қараңыз). Поршеннің салмағы $mg$-ге тең. Поршеннің тепе-теңдік жағдайында төменгі бөліктің биіктігі $H_0$, ал серіппенің ұзаруы $x_0$ тең. Цилиндрдің төменгі бөлігіне судың $\nu$ молін бүркиді. Қандай-да бір температураға дейін баяу қыздырған кезде барлық су буланып кетеді, ал поршень $\alpha x_0$ $(\alpha=1/2)$ шамасына ығысады. Келесі шамаларды анықтаңыз:
а) соңғы температураны $T$;
б) бу атқаратын $A$ жұмыс шамасын.

посмотреть в олимпиаде

Комментарий/решение: