Областная олимпиада по физике 2016, 11 класс, экспериментальный тур
Линзаларды зерттеу (10 ұпай)
Тапсырма: Симметриялы қосдөңес линза жасалған шынының сыну көрсеткішін анықтаңыз. Судың сыну көрсеткіші $n_{\text{су}}=1,33$.
Құралдар мен жабдықтар: штатив, суы бар стақан, қағаз майлықтар, шприц $5$ мл. (инесіз), қарындаш, сызғыш, симметриялы қосдөңес линза, жазық айна.
Нұсқау: Тәжірибелік сайыстың тапсырмаларын орындаған кезде:
- тәжірибені жасау әдісіңізді баяндап, есептеу өрнектерін келтіріңіз;
- тәжірибенің және аралық есептеулердің нәтижелерін жазатын кесте дайындап, оны толтырыңыз;
- қажетті тәжірибелерді жасап, өлшеулерді жүргізіңіз;
- алған нәтижелердің негізінде іздеп отырған шаманы есептеңіз;
- есептеулердің қателіктерін анықтаңыз және соңғы нәтижені жазыңыз;
- орындалған жұмыстар жөнінде қортындылар жасаңыз.
Комментарий/решение:
Возможно, что при неправильном наборе формул, они будут
доредактированы модератором. При этом содержание не будет меняться.