Областная олимпиада по физике 2013, 11 класс, экспериментальный тур
Тамшыны зерттеу (10 ұпай)
Құралдар мен жабдықтар: тіреуішке бекітілген лампочка, қосқыш сымдар, қорек көзі ($4,5$ В галваникалық батарея), жинағыш линза, экран, тамшыны қоятын ыдыс, балауызбен (воск) бүркелген табақша (пластинка), бір рет пайдаланылатын шприц, су, сызғыш, миллиметрлік қағаз, қалақшалары мен муфтасы бар штатив. Су тығыздығының $\rho_0=1,0\cdot 10^3$ кг/м$^3$ екендігін ескеріңіз.
Тапсырма:
— берілген жабдықтарды қолдана отырып, линзаның фокустық арақашықтығын анықтаңыздар;
— тамшы биіктігінің оның диаметрінен тәуелділігін зерттеңіз;
— судың беттік керілуін бағалаңыздар.
Нұсқау: мүмкіндігінше тамшылар осесимметриялық пішінде болуын қамтамасыз етуге тырысыңыз.
Комментарий/решение:
Возможно, что при неправильном наборе формул, они будут
доредактированы модератором. При этом содержание не будет меняться.