Областная олимпиада по физике 2013, 9 класс, экспериментальный тур
Серпімсіз соқтығысты зерттеу (10 ұпай)
Құралдар мен жабдықтар: штатив, 40 см-лік сызғыш , ермексаз (әрбір қатысушыға бір тұтас бөлігі), жіп, екі скрепка.
Тапсырма:
— шариктердің массаларының қатынастары m0m1=1 және m0m1=2 (мұндағы m0 — соғатын шарик массасы, ал m1 — тыныштықтағы шарик массасы) болған жағдайда, соғатын шариктің бастапқы x0 ауытқуынан, соқтығыстан кейінгі жабысқан шариктердің x1 ауытқуының тәуелділігін өлшеңіздер. Алынған тәуелділіктердің графиктерін тұрғызыңыздар;
— алынған эксперименталдық мәліметтер негізінде, соқтығыстан кейінгі жабысқан шариктердің жылдамдығының, соғатын шариктің жылдамдығына қатынасын тұрақты шама деп ескеруге болады ма екендігін тексеріңіздер. ϑ1=m0m0+m1ϑ0 формуласының орындалатындығын тексеріңіздер, мұндағы ϑ1 — соқтығыстан кейінгі жабысқан шариктердің жылдамдығы, ал ϑ0 — соғатын шариктің жылдамдығы.
Комментарий/решение:
Возможно, что при неправильном наборе формул, они будут
доредактированы модератором. При этом содержание не будет меняться.