Сарсенгали Д.
Есеп №1. Қалада 2026 тұрғын бар. Сайлауда $A$ партиясына 41 тұрғын дауыс беруге дайын, ал қалған 1985 тұрғын $B$ партиясына дауыс береді. Қаланың барлық тұрғындары сайлаушылар болып табылады. $A$ партиясы барлық сайлаушыларды $k$ округке бөледі. Барлық округтердегі сайлаушылар саны әртүрлі болуы тиіс және әрбір округте кемінде бір тұрғын дауыс беруі керек. Округте қай партия қатаң көп дауыс алса, сол жеңеді (дауыс саны тең болса, тең нәтиже жарияланады). $A$ партиясы $B$ партиясынан қатаң көп округ ұтып, сайлауда жеңе алатындай ең үлкен $k$ мәнін табыңыз. ( Сарсенгали Д. )
комментарий/решение(1) олимпиада