2026 жыл 11 қазанда Иран геометрия олимпиадасының іріктеу кезеңі өтеді.

Жариялау күні: 2026-08-23

2026 жыл 11 қазанда 13-ші өтетін Иран геометрия олимпиадасының іріктеу кезеңі өтеді. Жалпы, соның ішінде халықаралық ережелермен осы жерден таныса аласыздар.

Іріктеу кезеңі

Іріктеу кезеңінің күні: 11-қазан.

Уақыты: олимпиаданың басталуы — 09:00, тіркеу — 08:00-ден бастап. Кезеңнің ұзақтығы — 2 сағат.

Сыныптар: 7-сыныптан 12-сыныпқа дейін.

Лигалар: 7–8, 9–10 және 11–12 сыныптар (барлығы үш лига).

Іріктеу кезеңінің форматы: натурал сандар түрінде жауаптары бар 20 тапсырмадан тұратын тест.

Негізгі жазбаша кезеңге қанша қатысушы өтеді: әр лигада 50 адамнан (сыныптармен шатастырмаңыздар). Өңірлер бойынша квота қарастырылмаған.

Ұйымдастыру жарнасы: іріктеу кезеңіне 2000 теңге мөлшерінде қайтарылмайтын ұйымдастыру жарнасы қарастырылған. Жарна қайтарылмайды, себебі қатысушы тіркелгеннен кейін ұйымдастырушылар оның қатысуын дайындауға алдын ала шығын жұмсайды: кабинеттерді резервтеу, кезекшілерді іздеу, тапсырмалар мен жауап парақтарын басып шығару және т. б.

Іріктеу кезеңіне не алып келу керек: өзіңізбен бірге жұқа таза дәптер, жазу құралдары және ақ түсті түзеткіш (корректор) болуы қажет. Сызу құралдарын (сызғыш, циркуль, транспортир), сондай-ақ сусын мен жеңіл тамақ алып келуге кеңес береміз.

Қатысушы сертификаты: іріктеу кезеңінің барлық қатысушыларына беріледі (тіркеу жүйесіндегі жеке кабинетте).

Ескерту: 6-сынып оқушыларының қатысуына тыйым салынады. 7-сынып оқушыларына да тіркелмес бұрын ойланған жөн, себебі олар әлі 7-сынып деңгейінде болса да олимпиадалық геометрияны оқи бастаған жоқ болуы мүмкін. Халықаралық регламентке сәйкес олимпиаданы әр сынып үшін жеке өткізу мүмкіндігі қарастырылмаған.


Тіркелу smart-arena.kz сайтында 9 қазанға дейін (22:00-ге дейін) ашық.


Өткізу орындары


№ҚалаМекенжайы
1АлматыӘл-Фараби даңғылы, 71/23, ҚазҰУ мехмат
2Ақтау33-шағынаудан, 16-ғимарат. НЗМ ХБН
3АқтөбеЖұбановтар көшесі, 263а, БИЛ
4АстанаТүркістан көшесі, 2/1. РФММ
5Жезқазған«№3 «БІЛІМ-ИННОВАЦИЯ» лицей-интернаты» КММ
6ҚарағандыАқтөбе көшесі, 1а. БИЛ
7ҚостанайНазарбаев көшесі, 239. НЗМ ФМБ
8КөкшетауСарыарқа көшесі, 25/14, БИЛ
9ПавлодарГенерал Дюсенов көшесі, 4. Павлодар гуманитарлық-педагогикалық колледжінің ғимараты.
10ПетропавлДарын, Семашко көшесі, 2
11СемейҚарағайлы шағынауданы, 1. НЗМ ФМБ
12Түркістан11-ші көше, 22, БИЛ
13ОралБИЛ, Жасдаурен көшесі, 3, 45
14ӨскеменЛихарев көшесі, 5, БИЛ
15ШымкентЭлиталық қалашық, 6-ғимарат. НЗМ ФМБ
16Атырауул. Досмуханбетова, 10. БИЛ
17КызылордаСұлтан Бейбарыс 10, БИЛ
18ТаразСүлейменова 19, БИЛ


Негізгі кезең

Негізгі кезең 16 қазанда өтеді (тек өз лигасының топ-50 құрамына кіргендер үшін).

Негізгі кезең туралы толық ақпарат:

Негізгі кезеңге не алып келу керек: сызу құралдарын (сызғыш, циркуль, транспортир), сондай-ақ сусын мен жеңіл тамақ алып келу керек.

НАЗАР АУДАРЫҢЫЗ! Бұл кезең жұмыс күні өтетіндіктен, кептелістерді ескере отырып, олимпиадаға келу уақытын алдын ала есептеуіңіз қажет. Олимпиадаға кешігіп келген қатысушыларға қосымша уақыт берілмейді. Бір сағат немесе одан да көп уақытқа кешіккен оқушылар олимпиадаға ЖІБЕРІЛМЕЙДІ.

Негізгі кезең туралы қысқаша

Бірінші Иран геометрия олимпиадасы 2014 жылы өтті. Бірінші олимпиадаға 10-нан аспайтын ел қатысса, 11-ші олимпиадада олардың саны 73-тен асты.

Негізгі кезеңде барлық қатысушылар қатысушы сертификатын алады, ал үздік қатысушылар жергілікті ұйымдастыру комитетінің 1, 2 және 3 дәрежелі дипломдарымен марапатталады: сәйкесінше 4, 8 және 12 диплом. Ұпайлар тең болған жағдайда іріктеу кезеңінің нәтижелері ескеріледі. Сонымен қатар әр лигадан үздік 4 жұмыс жалпы халықаралық есепке жіберіледі.

Өткен жылдардағы тапсырмаларды шешіп көруге кеңес береміз. Сондай-ақ өткен жылдардағы нәтижелермен, мысалы, 2023 жылғы нәтижелермен таныса аласыздар.


Комментарий(1)

2026-09-23 17:33:28.0 #

..-..