Математикадан Леонард Эйлер атындағы олимпиадаға шақырамыз 2024-2025 (10, 24 қараша және 8 желтоқсан)

Жариялау күні: 2024-10-28

Құрметті оқушылар! Сіздерді Леонард Эйлер атындағы 17-ші олимпиадаға қатысуға шақырамыз. Олимпиада 8-сынып оқушыларына арналған, бірақ 6-сыныптан төмен болмауы шартымен кіші сынып оқушылары да қатыса алады.

Олимпиаданы ұйымдастырушылар:Вятский қосымша білім беру орталығы және Мәскеу үздіксіз математикалық білім беру орталығы. Қазақстандағы ұйымдастыру комитеті – «Әл-Фараби» олимпиадаға дайындау орталығы.

Қашықтықтан өтетін кезең үш турдан тұрады. Мерзімі мен уақыты (АЛМАТЫ қаласының уақыты бойынша):

Аймақтық кезеңге өту үшін кем дегенде бір турда жақсы нәтиже көрсету жеткілікті. Аймақтық кезең 2025 жылдың қаңтар айының соңында өтеді. Аймақтық және қорытынды кезең ОФЛАЙН өтетінін естеріңізге саламыз.

Қорытынды кезең дәстүр бойынша 2025 жылдың наурыз айының ортасында Алматы қаласында өтеді. Қорытынды кезең жеңімпаздарына сыйлықтар табысталады, сондай-ақ көптеген мықты физика-математика мектептері өз гранттарын ұсынады.

Қазақстандық оқушылар олимпиаданы (1-2-3 тур) тек ОНЛАЙН жазады.

Олимпиаданы қашықтықтан жазу үшін барлық нұсқаулықтар бар олимпиаданың ресми сайтына www.matol.ru өтіңіз.