15-16 маусым 2024 ж. Алматы қаласында Ш. Смағұлов атындағы олимпиаданың қорытынды кезеңі өтеді
Құрметті Ш. Смағұлов атындағы олимпиаданың қалалық кезең қатысушылары!
- Әл-Фараби атындағы ҚазҰУ, механика-математика факультеті және
- «Әл-Фараби» олимпиадаға дайындық орталығы
15-16 шілде 2024 ж. математикадан 6-7 сыныптарға арналған олимпиаданың қорытынды кезеңін өткізетіндігін хабарлаймыз! Олимпиадаға қатысу тегін.
Финалисттер тізімі осы жерде жаряланған
Финалисттер қорытынды кезеңге қатысатындығын растау үшін, 27 - ші мамырға дейін осы форманы толтыруы қажет
Назар аударыңыз! Әр аймақ 6-7 сыныптардың әрқайсысынан екі қатысушыдан қатыстыру үшін, квотаға ие. Мысалы, №1 аймақта 6 - шы сыныптар бойынша, ресми түрде 1 оқушы өтсе, квота бойынша +1 оқушы өтеді. 0 балл болған нәтижелер қарастырылмайды. Квота берілу барысында, 2-ші, 3-ші т.с қатысушылар нәтижесі бірдей болған жағдайда, олардың І кезең нәтижелері ескеріледі.
Мақсат! Олимпиаданың негізгі мақсаттары мен міндеттері – математиканы насихаттау, дарынды балаларды ынталандыру, шығармашылық қабілеттері мен білімге деген қызығушылығын дамыту, мектеп оқушыларын қолдауға қажетті жағдай жасау, мектеп оқушылары, математиктер мен мұғалімдер арасындағы байланысты нығайту, топта жұмыс істей алуға үйрету. Командалық кезең оқушыларды күрделі математикалық есептерді еркін түрде шешуге үйрететін математикалық ойындардан тұрады.
Қорытынды кезеңде, аймақтық кезеңді өз қалаларында өткізген барлық жауапты тұлғалар мен қорытынды кезең қатысушылары - сертификаттарға, ал жеңімпаздар - дипломдар мен бағалы сыйлықтарға, мұғалімдер мен оқытушылар - алғыс хаттар мен сертификаттарға ие болады.
Өтетін орны: Алматы қаласы, Әл-фараби даңғылы, 71/23. Мех-Мат, Әл-фараби атындағы ҚазҰУ.
Олимпиада бағдарламасы:
14-ші маусым: Басқа қала қатысушыларының орналасу күні.
1-ші күн. 15-ші маусым:
- 08:30-09:00 Тіркелу және олимпиаданың ашылуы;
- 09:00-13:00 Жеке түрдегі жазбаша кезең;
- 09:00-12:00 Оқытушыларға, мұғалімдер мен ата-аналарға, сонымен қатар қызығушылық танытқан барлық тұлғаларға арналған дәріс(«Әл-Фараби» олимпиадаға дайындық орталығының жетекшісі мен оқытушылары өткізеді);
- 16:30-17:00 Апелляцияға өтініш қабылдау;
- 17:00-19:00 Апелляция.
- 08:30-09:00 Командаға бөліну, тіркелу және ережемен танысу;
- 09:00-13:00 Командалық кезең;
- 13:00-14:00 Үзіліс;
- 15:00 Олимпиаданың жабылуы (ұзақтығы 1-2 сағат).
Сонымен қатар, осы олимпиаданың 2023 ж. өткен қорытынды кезеңін қарауды ұмытпаңыз: https://matol.kz/news/247
Басқа қаладан келетін қатысушылар назарына! Олимпиада уақытында ҚазҰУ аумағында орналасқан Жас ғалымдар үйінде орналасуға мүмкіндігіңіз бар.
Қатысушы және онымен бірге келетін жауапты тұлғаның жол шығындарын жіберуші тарап төлейді.
Қатысушыға жауапты тұлға, оқушыны толығымен өз жауапкершілігіне алады.
Мектеп басшылығы мен қызығушылығы бар тұлғалар назарына! Жауапты тұлға ретінде, математика мүғалімін немесе олимпиадалық резерв оқытушысын жіберулеріңізді сұраймыз! Оларға арнап дәрістер мен тренингтер өткізіледі.
Сонымен қатар, қорытынды кезең аясында, 4-9 сыныптарға арналған «Әл-Фараби 2024» ЖАЗҒЫ МЕКТЕБІНІҢ болатындығын хабарлаймыз! Толық ақпарат http://matol.kz/announce/225 парақшасында.
Сұрақтар бойынша cop.alfarabi@gmail.com поштасына жазыңыздар.
Комментарий(2)
Потому что результаты 7 класса на следующем соседнем листе.
Возможно, что при неправильном наборе формул, они будут
доредактированы модератором. При этом содержание не будет меняться.