2025 ж. 31 қаңтар күні Алматы қаласында «Смарт КЕНГУРУ» сайысы өтеді

Жариялау күні: 2025-01-19

Құрметті 1-10 сынып оқушылары! 2025 жылдың 31 қаңтар күні Алматы қаласында офлайн форматта «Смарт КЕНГУРУ» сайысы өтетінін хабарлаймыз. Сайыстың Ресейдегі ұйымдастырушысы «Кенгуру плюс» ТТО.

Сайысты Қазақстанда «Әл-Фараби» олимпиадаға дайындау орталығы өткізеді. Ақпараттық материалдар мен сайыстың өтуі туралы Жалпы ережелер қазақстандық ресми https://smart-arena.kz сайтына жүктелген.

Қазіргі уақытта «Смарт Кенгуру» сайысы барлық жастағы оқушылар арасында математиканы кеңінен насихаттау және оған қызығушылықты арттыру мақсатында жүзеге асырылатын мектеп оқушыларына арналған беделді математикалық жобалардың бірі болып табылады.

Тапсырмалардың саны мен ұзақтығы:

Сайыстың барлық қатысушыларының жұмысы ұйымдастыру комитетіне жіберіліп, компьютерлік тексерістен өтеді. Тексеріс нәтижесіне сәйкес ақпан айының соңында барлық қатысушылардың Жеке кабинеттеріне сайысқа қатысқанын растайтын, жинаған ұпайы көрсетілген сертификат, жеңімпаздарға дипломдар жіберіледі. Сонымен қатар сайыс жеңімпаздарына сыйлықтар беріледі.

Сайыстың өтетін тілі: қазақ және орыс.

Қатысу жарнасы: әр қатысушыдан 5000 теңге.

Тіркелу уақыты: 29-қаңтар, сағ. 23:00-ге дейін.

Уақыты Алматы қаласы бойынша.

Сайысқа қатысу үшін Қазақстандық ресми https://smart-arena.kz сайтынан тіркелуге өтініш қалдырып, қатысу жарнасын төлеу қажет.

.

Назар аударыңыз! Сайыс өтетін күні өзіңізбен бірге алты цифрдан тұратын ID нөмір (кезекшілерге көрсету үшін) және қара, көк түсті сиялы қалам/қаламсап, тапсырманы орындауға арналған дәптер, су болуы керек.


Оқушылар мен мұғалімдер қызығушылық танытқан жағдайда, мектеп әкімшілігі сайысқа қатысуға келесі форманы толтыру арқылы өтінім бере алады: https://forms.gle/kWVkc4MXi8fxUi3g9.


Өтетін орны: Сайыс, сайысты өткізу туралы келісімшарт жасаған білім беру мекемелерінде өткізіледі.

Егер сіз сайтқа тіркеліп, қатысу жарнасын төлесеңіз, бірақ сіздің мектебіңіз сайыс өткізетін мектептер арасында болмаса, сайысқа қатысу үшін 31-қаңтар күні сағат 14:30 да (сайыстың басталуы сағ. 15:00) Алматы қаласы, Әл-Фараби даңғылы, 71 Корпус 23 (кіру Тимирязева көшесінің тұсынан, ал Үлкен Залға кіру аллея тұсынан) мекенжайына келсеңіз болады. (Төмендегі картаны қараңыз).


Комментарий(0)