Областная олимпиада по физике 2014, 9 класс, теоретический тур


Есеп №1.  Радиусы $R$ шар, биіктігі $H$ горизонталь үстелде $v$ жылдамдықпен дөңгелеп барады (суретті қараңыз). Үстелден қандай $L$ қашықтықта шар еденге құлайды. Үстел бетімен жасаған барлық қозғалыс уақытында шар сырғанамайды деп есептеңіз, ал оның кинетикалық энергиясы $E_{\text{кин}}=7m\vartheta^2/10$ тең. $H=3R$ және бастапқы жылдамдық $\vartheta$ нольге ұмтылған кезде $L$ үшін сандық есептеулер жүргізіңіз. Тербеліс үйкелісін ескермеңіз. (10 ұпай)


комментарий/решение
Есеп №2.  Тегіс горизонтал бетпен, массасы $M=5$ кг арба мен оған бекітілген, массасы $m=1$ кг және ұзындығы $l=1$ м математикалық маятниктен тұратын механикалық жүйе, жылжи алады (суретті қараңыз). Маятникті $\alpha=45^{\circ}$ бұрышқа ауытқытады да босатып жібереді. Маятник өзінің ең төменгі күйі арқылы өткен кезде, арбаның жылдамдығы мен маятниктің айналмалы қозғалысының бұрыштық жылдамдығын анықтаңыз. Маятникті босатқан мезетте механикалық жүйе тыныштықта тұрады деп есептеңіз. Еркін түсу үдеуін $9,8$ м/с$^2$ тең деп алыңыз. (8 ұпай)


комментарий/решение
Есеп №3.  Массасы $m_1=40$ кг суды диаметрі $d=0,2$ м бакқа, массасы $m_1=40$ кг су құйылады және массасы $m_3=0,9$ кг қатып жабысып қалған тасы бар массасы $m_2=9$ кг мұз кесегін тасталады. Су тығыздығы $\rho_1=1000$ кг/м$^3$, мұздыкі — $\rho_{12}=900$ кг/м$^3$, тастыкі — $\rho_3=3000$ кг/м$^3$ белгілі деп есептеп, бактағы су деңгейінің биіктігін анықтаңыз. (5 ұпай)
комментарий/решение
Есеп №4.  Батарея $4$ А ток мәнінде сыртқы тізбекке $7,2$ Вт, ал $6$ А токта — $9,6$ Вт беретіні белгілі. Батареяның ішкі кедергісі мен беретін кернеуін анықтаңыз. (7 ұпай)
комментарий/решение