Областная олимпиада по физике 2012, 11 класс, теоретический тур


Есеп №1.  Көлденең қима ауданы 0,1 мм$^2$ және ұзындығы 2 м құрыш қылға 10 кг жүк ілгенде қыл 1 см-ге қзарады. Сым тығыздығы — 7,8$\cdot$ 10$^3$ кг/м$^3$. Құрыштағы дыбыс жылдамдығы қандай? (6 ұпай)
комментарий/решение(1)
Есеп №2.  Электрлік кедергісі 1 кОм $R$ резисторге параллель индуктивтілігі 10$^{-3}$ Гн катушка жалғанады. Катушканың активті кедергісі ескермеуге болатындай аз. Катушканы және резисторды, ішкі кедергісі $r=10$ Ом және ЭҚК 10 В ток көзіне жалғайды. $R$ резисторы арқылы 1 секунд ішінде қандай заряд өтеді (1 сурет)? (8 ұпай)


комментарий/решение(1)
Есеп №3.  Поршені бар үлкен цилиндрлі ыдыста, белгілі бір қысымда екіатомды газ орналасқан. Сол температурадағы және сол газы бар радиусы $R_0$ сфералық қабық ыдысқа орналастырылады (2 сурет). Қабықтың иілгіш материалы қосымша қысым жасамайды және жылуды нашар өткізеді. Поршеньді қатты басқаннан газ қысымы екі есе артады. Поршеньді басқаннан кейін сфералық қабықтың $R$ радиусы неге тең? Біршама уақыттан кейін сфералық қабықтың $R_2$ радиусы неге тең? (8 ұпай)


комментарий/решение
Есеп №4.  Проекциондық аппараттың объективі оптикалық центрлері арасы 5 см, фокустық қашықтықтары 20 см және 10 см екі линзадан тұрады. 5 м қашықтықта кескінді экранға проектироватеткенде объектив қандай үлкейту береді? (7 ұпай)
комментарий/решение