Республиканская олимпиада по информатике 2013 год, Талдыкорган


Есеп A. Көктем

Жақында ашылған ғаламшарды зерттеу барысында археологтар бiрнеше көне жазбалар тап- ты. Жазбаларды аударған кезде бұл жазбалардың бiр жыл iшiндегi күндiзгi температуралардың жазбалары болып шықты. Жазбадағы түсiнiктемелерден температураның кейбiр күндерi жазыл- мағандығын, бiрақ егер $X_1$ күнi температура $T_1$ болса, ал $X_2$ күнi температура $T_2$ болса, онда $X_1$ мен $X_2$ күндерi арасында температура $T_1$-ден $T_2$ дейiн бiрқалыпты өзгергендiгi анықталды. Климаттың өзгерiсiн зерттеу үшiн ғалымдарға сол жылғы көктемнiң қанша күнге созылғандығын анықтау қажет. Басқа ақпарат көздерi жоқ болғандықтан, оларға тек осы жазбаларды қолдану қажет. Бұл үшiн мынадай шарт қабылданды температура әрдайым көтерiлген ең үлкен уақыт аралығындағы күндер саны көктемнiң ұзақтығы болып саналады. Сiз осы экспедициядағы жалғыз бағдарламашы болғандықтан, өзiңiздiң әрiптестерiңiзге көмектесуiңiз қажет.
Формат входного файла
Бiрiншi жолда бiр бүтiн сан $N$ табылған жазбалар саны. Келесi $N$ жолдың әрқайсында 2 бүтiн сан — A және B берiледi, мұндағы A — күн нөмiрi, B — сол күндегi температура ($1 ≤ A ≤ 10^9$, $1 ≤ B ≤ 10^9$). A-лардың барлығы әр түрлi.
Формат выходного файла
Бiр бүтiн сан көктемнiң қанша күнге созылғандығын шығарыңыз.
Пример:
Вход
10 
1 6
2 20 
3 15 
4 10 
6 13 
7 20 
8 20 
9 20 
10 20 
11 21
Ответ
4

комментарий/решение
результаты