Республиканская олимпиада по физике 2017, 11 класс, экспериментальный тур


Электролизді зерттеу (15 ұпай)


Құралдар мен жабдықтар: электролиз жинағы; тотияйын; батарея; секундомер; электронды таразы; мультиметр; қосқыш сымдар; қағаз майлықтар; медициналық қолғап.
Тапсырма: Элементар заряд шамасын анықтаңыз. Келесі шамаларды белгілі деп есептеңіз: Фарадей тұрақтысын $F=96484,56$ Кл$\cdot$ моль$^{-1}$, Авогадро санын $N_{A}=6,02\cdot 10^{23}$ моль$^{-1}$ және мыс валенттілігін $n=2$.
Жүргізілген тәжірибе бойынша келесі түрде есеп беріңіз:
1) барлық қажетті қатынастарды алып, тәжірибені жүргізу әдісіңізді толығымен баяндаңыз;
2) қажетті өлшеулер жүргізіп, оларды кестелер мен графиктер түрінде келтіріңіз;
3) алынған нәтиженің қателігін есептеңіз.
комментарий/решение