Республиканская олимпиада по физике 2016, 11 класс, экспериментальный тур


Оңай балқитын затты зерттеу


Құралдар мен жабдықтар: Массасы 5 г. оңай балқитын зат, ыстық суға арналған стақан, ыстық су (қажеттілікке қарай), суық суға арналған стақан, суық су, термометр, секундомер, жіп, штатив, пластик араластырғыш (қасық), инесіз шприц, миллиметрлік қағаз, қағаз майлықтар, $A4$ форматтағы парақ.
Тапсырма:
1. Оңай балқитын заттың балқу температрасын өлшеңіз;
2. Оңай балқитын заттың меншікті балқу жылуын анықтаңыз;
3. Оңай балқитын заттың меншікті жылусыйымдылығын анықтаңыз. Жүргізілген тәжірибе бойынша келесі түрде есеп беріңіз:
1) Барлық қажетті қатынастарды алып, тәжірибені жүргізу әдісіңізді толығымен баяндаңыз;
2) Қажетті өлшеулер жүргізіп, оларды кестелер мен графиктер түрінде келтіріңіз;
3) Алынған нәтиженің қателігін есептеңіз.
Ескерту: сіз ұсынып отырылған жұмыс жүргізілген тәжірибелердің есебі болуын есіңізге сақтаңыз. Егер сіздің есебіңізден, қандай тәжірибе жүргізгеніңіз, немесе қандай өлшем бірліктер қолданғаныңыз, немесе қандай есептеулер жүргізгеніңіз туралы нақты дәлелдер табылмаса, онда сіз ешқандай жұмыс жасамағаныңыз!!!
комментарий/решение