Республиканская олимпиада по физике 2015, 11 класс, экспериментальный тур


Тәжірибелік сайыс бір-бірінен тәуелсіз екі бөлімнен тұрады

Бөлім 1. Белгісіз сұйықтың сыну көрсеткішін анықтау (12 ұпай)


Құралдар мен жабдықтар: ойыс айна, қыздыру шамы, батарейка, қосқыш сымдар, экран, сызғыш, белгісіз сұйығы бар ыдыс, штатив, скотч және қайшы. Жүргізілген тәжірибе бойынша келесі түрде есеп беріңіз:
1) барлық қажетті қатынастарды алып, тәжірибені жүргізу әдісіңізді толығымен баяндаңыз;
2) қажетті өлшеулер жүргізіп, оларды кесте түрінде келтіріңіз;
3) алынған нәтиженің қателігін есептеңіз. Ескерту: сіз ұсынып отырылған жұмыс жүргізілген тәжірибелердің есебі болуын есіңізге сақтаңыз. Егер сіздің есебіңізден, қандай тәжірибе жүргізгеніңіз, немесе қандай өлшем бірліктер қолданғаныңыз, немесе қандай есептеулер жүргізгеніңіз туралы нақты дәлелдер табылмаса, онда сіз ешқандай жұмыс жасамағаныңыз!!! БЕЛГІСІЗ СҰЙЫҚТЫҢ ДӘМІН КӨРУГЕ БОЛМАЙДЫ!!!
Бөлім 2. Резистор кедергісі (5 ұпай)
Құралдар мен жабдықтар: 4,5 В-тық батарейка, реостат, сым резистор, мектеп амперметрі, мультиметр, электрлік кілт, қосқыш сымдар. Берілген тәжірибелік қондырғылар көмегімен құрылған сызба бойынша резистордың вольтамперлік сипаттамасы (ВАС) алынған. 1-кесте. Резистор кернеуінің ток күшінен тәуелділігі


Тапсырма:
1) Тәжірибе жүргізілген электрлік сызбаны келтіріңіз;
2) Сым тәріздес резистор үшін Ом заңының орындалатындығын тексеріңіз;
3) Сым тәріздес резистордың кедергісін аса дәл анықтаңыз.
комментарий/решение