Республиканская олимпиада по физике 2014, 10 класс, экспериментальный тур


Сызғыштың майысу бойын анықтау


Тапсырма: Сызғыштың майысу бойын анықтаңыз.
Төменде тәжірибе жасау үшін қажет, сіз құрастыру керек тәжірибе орнату схемасы келтірілген.


$x$ майысу бойының $L$ ұзындыққа теориялық тәуелділігі келесіде:$x=km^{\alpha}L^{\beta}$, бұл жерде $m$ — ілінген жүк массасы, $\alpha$ және $\beta$ — кейбір тұрақтылар.
  1. $x$-тің $m$-ге эксперименталды тәуелділігін түсіріңіз. Алынған нәтижелерді кесте түрінде көрсетіңіз;
  2. График тұрғызып $\alpha$ тұрақтысын табыңыз. Қателікті бағалаңыз;
  3. $x$-тің $L$-ге эксперименталды тәуелділігін түсіріңіз. Алынған нәтижелерді кесте түрінде көрсетіңіз;
  4. График тұрғызып $\beta$ тұрақтысын табыңыз. Қателікті бағалаңыз;
  5. Берілген қондырғы арқылы еркін түсу үдеуін бағалауға болады ма? Егер солай болса, қажетті есептеулер мен нәтижелерді келтіріңіз. Сіздің ойыңызша, мүмкін қателіктер көздері қандай?

комментарий/решение