Республиканская олимпиада по физике 2012, 9 класс, экспериментальный тур


Түтікшенің геометриялык өлшемдерін анықтау


Құралдар мен жабдықтар: Өлшемі бар мөлдір стакан, пластмасса сызғыш, қайшы, суы бар ыдыс, скотч, ішуге арналған екі түтікше.
Тапсырма: Ішуге арналған түтікшенің ішкі және сыртқы радиустарын мүмкіндігінше дәлме-дәл және түтікше жасалған материалдың тығыздығын анықтаңыз.
Жүргізілген тәжірибе бойынша келесі түрде есеп беріңіз:
1) барлық; қажетті қатынастарды алып, тәжірибені жүргізу әдісіңізді толығымен баяндаңыз;
2) қажетті өлшеулер жүргізіп, оларды кесте түрінде келтіріңіз;
3) алынған нәтиженің қателігін есептеңіз.
Ескерту: сіз ұсынып отырылған жұмыс жүргізілген тәжірибелердің есебі болуын есіңізге сақтаңыз. Егер сіздің есебіңізден, қандай тәжірибе жүргізгеніңіз, немесе қандай өлшем бірліктер қолданғаныңыз, немесе қандай есептеулер жүргізгеніңіз туралы нақты дәлелдер табылмаса, онда сіз ешқандай жұмыс жасамағаныңыз!!!
комментарий/решение