Областная олимпиада по физике 2014, 9 класс, экспериментальный тур


Максвелл маятнигінің қозғалысын зерттеу ($10$ ұпай)


Құралдар мен жабдықтар: қалақшалары бар штатив, секундомер, екі бірдей ағаш таяқша, жіп, скотч, центрінде тесігі бар квадрат картон (қабырғалары $20$ см), қайшы, сызғыш, центрінде тесігі бар полиэтилен қақпақ, миллиметрлік қағаз.
Тапсырма 1. Диск ретінде полиэтилен қақпақты қолданып, Максвелл маятнигін (Максвелл маятнигі жіңішке стерженьге орнатылған дискі) жасаңыз (суретті қараңыз).
1.1 Маятник осі максималь мүмкін биіктікке жылжыған кезде, оның қозғалыс заңының графигін тұрғызыңыз;
1.2 Маятник қозғалысының барлық жолында, оның осінің қозғалысын бірқалыпты үдемелі деп есептеуге болады ма, екендігін зерттеңіз;
1.3 Маятник қозғалысының барлық уақытында, оның осінің бастапқы және орташа үдеуін анықтаңыз.


Тапсырма 2.
2.1 Жоғарыда $1$-тапсырмада сипатталған зерттеулерді, квадрат картоннан жасалған маятник үшін жүргізіңіз.
комментарий/решение