Областная олимпиада по физике 2011, 9 класс, теоретический тур


Есеп №1.  Қозғалтқышы 50 Вт қуатты, нағыз шаманың 1/8 бөлігіндей модель тік ұшақ ауада ұшып тұр. Нағыз тік ұшақ үшін қандай қуатты қозғалтқыш керек? Модель тік ұшақ нағыз тік ұшақ жасалған материалдан жасалған. (7 ұпай)
комментарий/решение(2)
Есеп №2.  Тәжірибелік жұмыс орындап жатқанда, жас зерттеуші су құйылған ыдысқа қыздырғышты салып, оны тоққа қосып әрбір 3 минут сайын температураны жазып отырды. Осы тәжірибенің нәтижелері 1 кестесінде берілген. Сосын ол суды суытты, суға үлкен металл үлгіні салды және қайтадан өлшеулер жүргізді. Осы тәжірибенің нәтижелері 2 кестесінде берілген. Осы ақпарат арқылы үлгінің жылусыйымдылығын анықтаңыз. Жүйедегі кернеу — 35 В, қыздырғыштағы ток — 0,2 А, бөлмедегі температура — 20$^{\circ}$С. (8 ұпай)


комментарий/решение
Есеп №3.  1 суретте көрсетілген тізбекте барлық резисторлардың кедергілері бірдей. $\text{В}$ және $\text{Г}$ нүктелерін өткізгіш арқылы тұйықтаса, $\text{А}$ және $\text{Б}$ нүктелері арасындағы кедергі қанша есе өзгереді? (7 ұпай)


комментарий/решение(1)
Есеп №4.  Қуаты $N$, массасы $m$ автокөлік үйкеліс коэффициенті $\mu$ горизонталь жазықтық бойымен қозғалып келеді. Қандай қысқа уақыт ішінде автокөлік жылдамдығы $u$ шамасына жетеді? (8 ұпай)
комментарий/решение