Районная олимпиада по физике 2015, 11 класс, теоретический тур


Есеп №1.  Бір-біріне параллель екі тақтайша $\vartheta_1$ және $\vartheta_2$ жылдамдықтармен екі түрлі жағдайда қозғалады: а) бір бағытта; б) қарама-қарсы бағытта. Тақтайшалар арасына радиусы $R$ дискі қысылған. Дискі мен тақтайшалар арасында сырғу байқалмайды. Дискінің айналу жылдамдығы мен оның центрінің жылдамдығы қандай? (5 ұпай)
комментарий/решение(1)
Есеп №2.  Ұзындығы $L=1$ м түтікті $P_0=10^5$ Па қысымдағы атмосфералық ауамен толтырып, қозғалмайтын жеңіл поршенмен жауып, сұйығы бар ыдысқа $H=40$ м тереңдікке батырады. Түтік ұзындығының $\alpha=x/L$ қандай бөлігі газбен толтырылады? Температура тұрақты, қаныққан бу қысымы — мардымсыз аз, $\rho_{\max}=1,26$ г/см$^3$ (глицерин), $g=10$ м/с$^2$. (5 ұпай)
комментарий/решение
Есеп №3.  Екіатомды идеал газдың қандай-да бір мөлшері қатысатын процес кезінде, алдымен газдың қысымын изохоралық түрде $2$ есе арттырып, одан кейін оның қысымын изобаралық түрде $3$ есе арттырған. Осы процесте газға қандай жылу мөлшері берілген? Газдың бастапқы қысымы мен көлемі сәйкесінше $P_0= 10^{5}$ Па және $V_0=100$ л. (5 ұпай)
комментарий/решение
Есеп №4.  Центрлері ортақ, радиустары $R_1=10$ см және $R_2=20$ см болатын екі өткізгіш сфера, шамасы бірдей $q=7,5\cdot 10^{-8}$ Кл зарядпен әраттас зарядталып, сыммен қосылған. Осы кезде қандай жылу мөлшері бөлінген? (5 ұпай)
комментарий/решение