Районная олимпиада по физике 2015, 10 класс, теоретический тур


Есеп №1.  Радиусы $R$ ауа шары Жер бетінен $2R$ биіктікте тыныштықта тұр (1-сурет). Жердің горизонталь бетінен лақтырылған тас шардың жоғарғы нүктесін жанап, шарды асып кетуі үшін, оны қандай $\vartheta_0$ минималды жылдамдықпен, қандай $\alpha$ бұрышпен және қандай $S$ қашықтықтан лақтыру қажет? Еркін түсу үдеуі $g$. (5 ұпай)


комментарий/решение
Есеп №2.  Ұзындығы $L=1$ м түтікті $P_0=10^5$ Па қысымдағы атмосфералық ауамен толтырып, қозғалмайтын жеңіл поршенмен жауып, сұйығы бар ыдысқа $H=40$ м тереңдікке батырады (2-сурет). Түтік ұзындығының $\alpha=x/L$ қандай бөлігі газбен толтырылады? Температура тұрақты, қаныққан бу қысымы — мардымсыз аз, $\rho_{\max}=1,26$ г/см$^3$ (глицерин), $g=10$ м/с$^2$. (5 ұпай)


комментарий/решение
Есеп №3.  Диэлектриктен жасалған цилиндрге орналастырылған, әрқайсысының ауданы $20$ см$^2$ болатын екі жұқа поршень, $10^5$ Па атмосфералық қысымдағы ауамен толтырылған жазық конденсаторды құрайды (3-сурет). Егер поршендерді шамасы $3\cdot10^{-6}$ Кл болатын әраттас зарядтармен бірқалыпты зарядтайтын болсақ, онда поршендер арасындағы қашықтық қалай өзгереді? Жүйедегі температура тұрақты. Поршендердің көлденең қимасының өлшемдері олардың арақашықтығына қарағанда өте үлкен шамалар болып табылады. Диэлектрлік тұрақты $\varepsilon_0=8,85\cdot10^{-12}$ Ф/м. (5 ұпай)
комментарий/решение
Есеп №4.  Төменде $4$-суретте келтірілген тізбектегі идеал диод арқылы өтетін ток шамасын анықтаңыз. $U=100$ B, $R_1=1$ кОм, $R_2=2$ кОм, $R_3=3$ кОм, $R_4=4$ кОм. (5 ұпай)
комментарий/решение