Қалалық Жәутіков олимпиадасы
7 сынып, 2012 жыл


Компьютер ойынында әр жауынгер үш көрсеткішпен сипатталады: күш деңгейiмен, интеллект деңгейiмен және сиқыршылық деңгейiмен. Ойын басында Данияр өзіне жауынгер таңдап алды. Интернетте ойын кезінде анда-санда оған жауынгерлерімен айырбас жасауға ұсыныстар түсіп тұрады. Алайда, Данияр жаңа жауынгердің үш көрсеткішінің екеуі жоғары болғанда ғана жауынгерлермен алмасуға келіседі. Осындай бірнеше алмасудан кейін онда бастапқы жауынгерінен үш көрсеткіші бойынша да төмен жауынгер болуы мүмкін бе?
посмотреть в олимпиаде

Комментарий/решение: