U. Feige


Есеп №1. 99 дана дөңгелек үстел бойына отыр. Даналарға олардың 50-і екі түсті қалпақтардың біреуін, ал қалған 49-ы қалған екінші түсті қалпақты киіп алғаны белгілі (бірақ алдын-ала 50 дана да, 49 дана да қандай түсті қалпақ кигені белгісіз). Әр дана басқа даналардың қалпағының түсін көріп, ал өзінің қалпағының түсін көре алмайды. Әр дана бір уақытта (әрқайсысы өз қағазына) өзінің қалпағының түсін жазу керек. Даналар бір-бірімен берген жауаптың ішінде кем дегенде 74 дұрыс жауап болатындай алдын-ала кім қандай жауап жазатыны жайлы келісіп ала алады ма? ( U. Feige )
комментарий/решение(1) олимпиада