Қазақстандағы математикадан олимпиадалық әдебиеттері

Жариялау күні: 2016-03-11

Құрметті математика сүйер қауым! Олимпиадаға даярлау кезіндегі негізгі қиындықтардың бірі сапалы әдебиеттердің жетіспеушілігі болып табылады.

Кейде, үйірмелік сабақтарға бара алмайтын оқушылардың жоғары нәтижеге қол жеткізу үшін 3-4 кітаптың әрбір тарауын және бірнеше олимпиадалар жинақтарын меңгеріп алуы жетікілікті болып жатады.

«Аль-Фараби» олимпиадаға даярлау орталығы бұл олқылықты шешу мақсатында олимпиадалар әдебиеттерінен тұратын кітап дүкенін жұмысқа қосты. Кітап дүкенінде қазақ авторларының кітаптарын, оған қоса МЦНМО (Московского центра непрерывного математического образования)  баспасының көптеген кітаптарын таба аласыздар.

Біздің кітап дүкенімізде барлық сыныптарға және барлық тарауларға қатыста олимпиадалық әдебиеттердің кең легін таба аласыздар:

Олар кітап түрлеріне сәйкес бөлінген:

Сол секілді, кітаптардың жауһары болып есептелетін және бұрыннан басылып келе жатқан «Ленинградские математические кружки», «Геометрия 9-11»  Шарыгин И.В, «Зарубежные математические олимпиады» кітаптары да кездеседі. Бұл кітаптарды біздің сайтта аталған тараудан тегін жүктей аласыздар.

Кітаптардың сипаттамаларын сайттың http://matol.kz/books  сәйкес тарауынан және МЦНМО сайтынан ала аласыздар. Сол жерден интернет арқылы жылдам тапсырыс беруге болады.

Спортта айтпақшы, жаттықтырушы спортсмен істей алатын барлық физикалық жаттығуларды жасай алмауы мүмкін. Бірақ, сол жаттықтырушылар спортсмендерге чемпион болуға септігін тигізеді. Бұл әдіс-тәсіл математиктерге де орындалады. Үйірмелік сабақтарды жүргізіп жүрген мұғалім халықаралық олимпиадалар есептерін мезетте шығаруға қауһарсыз, бірақ оқушыға керекті бағытты бере отырып оны жеңімпаз ете алады. Сондықтан әдебиеттер барлығы үшін арналған: оқушылар үшін, математика мұғалімдері үшін, педагогоикалық ЖОО және университеттер сутуденттері үшін.

Кітап атаулары бұрынғы олимпиадашылар жиналғанын байқауға болады. Кітаптар бағалары, Алматы қаласындағы кітап дүкендеріндегі бағалардан айтарлықтай арзан. 

Кітаптарды “Аль-Фараби” орталығынан алуға болады (тел. (727)328-72-32, 8-747-728-72-32), сол секілді cop.alfarabi@gmail.com поштасы арқылы тапсырыс беруге болады.

Егер сіз МЦНМО баспасының басқа да бізде аталмаған кітаптарын алғыларыңыз келсе алдын ала төлеу арқылы бізде тапсырыс бере аласыздар.

 


Комментарий(0)