26-28 наурыз 2024 ж. Алматы қаласында Эйлер олимпиадасының қорытынды кезеңі өтеді

Жариялау күні: 2024-03-11

Құрметті, Эйлер 2024 олимпиадасының финалисттері! Осы жылы Эйлер олимпиадасының ақтық кезеңі 26-28 наурыз күндері өтетінін хабарлаймыз.

Назар аударыңыз: Қорытынды кезеңге аймақтық кезеңде шекті балл жинаған қатысушылар қатыса алады. Тізім алдын-ала: https://matol.kz/news/251 сайтында жарияланған.
Егер ресми қатысушы қандай да бір себептермен қорытынды кезеңге қатыса алмаса, алдын-ала төменде көрсетілген почтаға жазуын сұраймыз.

Олимпиада бағдарламасы

Өтетін орны: Алматы қаласы, Аль-Фараби даңғылы, 71/23 (Механика-математика факультетінің үлкен залы (төмендегі картаны қараңыз)).

Ақпарат: Қорытынды кезеңге қатысу  тегін . Барлық қатысушылар сыйлықтар мен қатысушы сертификаттарына,  ал жеңімпаздар – жүлделер мен дипломдарға ие болады.

Жол шығындарын жіберуші тарап көтеретінін ескертеміз. БИЛ, НЗМ, РФММ секілді мектептер қатысушылар мен жетекшілерді өз қаражаттарымен орналастырады. Әдетте БИЛ оқушылары Алматы қаласындағы Ақсай БИЛ-де, НЗМ оқушылары Алматы қаласындағы ХББ НЗМ-де, ал РФММ – Алматы қаласындағы РФММ-де орналасады.

Қалған басқа қаладан келген оқушылар мен олардың жетекшілеріне (бір аймақтан бір жетекшіден артық емес) жататын орын спонсорлық қаражаттан төленеді.

Олимпиада каникул күндері өтеді, бірақ сізге олимпиадаға шақырту қағазы керек болса, оны осы жерден жүктейсіз.

Сонымен қатар, 2023 жылдың қорытынды кезеңіне шолуды көрсетілген сілтемеден көре аласыздар: https://matol.kz/news/242.

Құрметпен, «Аль-Фараби» олимпиадаға дайындық орталығы.
Байланыс номері: +7 777 203 93 73
E-mail: cop.alfarabi@gmail.com


Олимпиаданың Алматы қаласында өтетін орны: Аль-Фараби даңғылы, 71/23 (Кіру Тимирязева көшесі жағынан).


Комментарий(0)