Республиканская олимпиада по физике 2013, 10 класс, теоретический тур


(5.5 ұпай)
Арасында 2 моль ауасы бар поршень, бір жағы жабық түтікшеде орналасқан. Алғашқыда түтіктегі ауа қысымы бір атмосфералық қысым, көлем $V_0$, және температура $T_0= 298$ К. Ауаға келесі процестерді жүргізеді. Процесс А: Цилиндрдегі ауа тұрақты температурада $V_0/4$ көлемге дейін сығылады. Процесс Б: ауаға $V=15$ л көлемге дейін адиабаталық түрде кеңеюге мүмкіндік беріледі. Процесс В: поршеньді өозғалтып, ауаға алғашқы $V_0$ көлемге дейін тұрақты температурада кеңеюге мүмкіндік беріледі. Процесс Г: Белгілі бір тұрақты көлемде ауаны алғашқы $T_0$ температураға әкеледі. Ауаны екіатомды идеал газ ретінде санаңыз және $1$ атм = $1.01\times 10^5$ Па. Универсал газ тұрақтысы $R= 8.31$ Дж / {моль$\cdot$К).
а) Процестің $P-V$ диаграммасын салыңыз;
б) А процесі кезінде газға қанша жұмыс жасалады?
в) В процесінің соңында ауаның температурасы қандай?
г) Газдың минималды қысымы қандай түгел процесс кезінде $p_{\min}$?
посмотреть в олимпиаде

Комментарий/решение: